20.04.2020, 18:38 8002

Коронавируспен күресуге бағытталған үздік жобалар Үкіметке ұсынылады

Қазылар алқасының шешімі бойынша финалға қатысқан барлық 39 жоба тиімділігі жоғары және іске асыруға дайын болып табылды, сондықтан барлығы Үкіметтің қарауына, сондай-ақ мүдделі инвесторларға ұсынылатын болды.

Алматы. 20 сәуір. Kazakhstan Today - "Стоп-Коронавирус" онлайн-байқауының нәтижелері бойынша келесі жобалар қазылар алқасының ең жоғары бағаларына ие болды: ДНК гендерінің топтамасын құру, реагенттер жиынтығын алу, вирусты анықтаудың жоғары сезімтал жүйесін жасау, аурудың әртүрлі деңгейіндегі диагностика тәсілдерін пайдалану, вирусқа қарсы препаратты әзірлеу, биоыдырайтын материалдан қолды қорғау құралдарын жасау, қазақстандық диатомитті пайдалана отырып респираторлық маскаларды жасау және коронавирустың ауыр түрлерін емдеу барысында биомедициналық жасушалық өнімді қолдану.

Қазылар алқасының шешімі бойынша финалға қатысқан барлық 39 жоба тиімділігі жоғары және іске асыруға дайын болып табылды, сондықтан барлығы Үкіметтің қарауына, сондай-ақ мүдделі инвесторларға ұсынылатын болды.

Қазылар алқасының бағалауымен қатар жобалар бойынша онлайн-дауыс беру жүргізілді. Соның нәтижелері бойынша "халықтық" топ-жобалар анықталды. Қазылар алқасының бағалауы мен онлайн-дауыс беру нәтижелерін және Жюриге кірген кісілердің тізімін Ғылым қорының t.me/sciencefund телеграмм-арнасынан көруге болады.

"Стоп-Коронавирус" байқауын "Ғылым қоры" АҚ ұйымдастырып, өткізді. Байқауға барлығы 140-тан астам өтінім келіп түсті. Коронавируспен күресу жөнінде өз ұсыныстарын ғалымдар, докторанттар, кәсіпкерлер мен стартаперлер ұсынды. "Стоп-Коронавирус" байқауы онлайн-режимде өтті. Авторлар тікелей эфирде өз жобаларын қазылар алқасы мүшелеріне таныстырып, сұрақтарға жауап берді. Негізінде ақпарат Фейсбук әлеуметтік желісі арқылы Bilim PLUS парақшасында көрсетілді. Онлайн формат бағалау үрдісінің барынша ашықтығын қамтамасыз етті және барлық қатысушылардан қолдау тапты.

Байқаудың Қазылар алқасының құрамына денсаулық сақтау, IT салаларының танымал мамандары, кәсіпкерлер мен қоғам қайраткерлері кірді. Қазылар алқасының төрағасы болып белгілі қоғам қайраткері, "Серпін" білім және инновация ұлттық палатасының басшысы Мұрат Әбенов сайланды.

- Мен үшін қазақстандық ғалымдардың көбі осы тақырыпта жұмыс істеп жатқандығы күтпеген жағдай болды. Жобалар өте жақсы және білікті авторлардың ұсыныстарында коронавирусты анықтауға арналған тестерден бастап вакцина, емдік тамақтану, дезинфекция, вирустың алдын алу шараларына дейін қамтылған. Ертең-ақ өндіріске енгізуге тұрарлық тартымды жобалар бар. Біздің ғалымдар өз өнімдерімен нарыққа шыға алады және шығуы керек", - деп атап өтті Мұрат Әбенов.

Байқау қорытындысы бойынша" Ғылым қоры" АҚ мүдделі тараптармен бірлесіп, келіп түскен ұсыныстарды алға тарту және іске асыру бойынша жұмысын жалғастырады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны