20.05.2009, 18:52 4595

Қоршаған ортаны қорғау министрлігі қалдықтарды басқарудың ұлттық орталығын құру қажет деген пікірде

Қоршаған ортаны қорғау министрлігі қалдықтарды басқарудың ұлттық орталығын құру қажет деген пікірде

Астана. 20 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қоршаған ортаны қорғау министрлігі қалдықтарды басқарудың ұлттық орталығын құру қажет деген пікірде. Бұл туралы бүгін Сенаттың Аграрлық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау комитетінің бастамасы бойынша парламент сенатында болған дөңгелек үстел отырысында қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Ишімов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Сенаттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, дөңгелек үстелде қалдықтарды басқару және ел аумағын тарихи ластану салдарынан тазарту жүйесін жасау саласын заңнамалық қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Осы саладағы қазіргі ахуал туралы баяндаған қоршаған ортаны қорғау министрі Н.Ишімов қалдықтарды қосымша шикізат көзі және энергоресурс ретінде шаруашылық айналымына тарту, одан әрі пайдалануға жарамсыз өндіріс пен тұтыну қалдықтарын экологиялық қауіпсіз жою арқылы мәселені шешу заңнамалық тұрғыда жетілдіруді талап етеді, деп атап өтті.

Министрдің айтуынша, құқықтық кеңістік қалдық ағындарын басқару тетіктерін оңайлату және тиімділігін арттыру мәселелерін қамтуға тиіс. Оған қоса қалдықтарды кәдеге жаратуға жағдай жасауға барынша назар аударылуы тиіс.

Қолданыстағы нормативтік құқықтық, сақтандыру және қаржы тетіктері қалдықтарды шаруашылық айналымына және қалдық өңдеу индустриясын жасауға тартуға қаржы салуды ынтыландырмай отыр.

Министр сондай-ақ қалдықтарды басқарудың ұлттық орталығын құру қажеттігін атап өтті. Осы бағыттағы басқа елдердің жұмыс тәжірибесі мәселені мемлекет пен бизнестің іс-қимылын біріктіру арқылы шешуге болатынын көрсетіп отыр. Осыған байланысты қалдықтар туралы мәселені шешуде мемлекет пен жеке әріптестікті дамытудағы отандық және шетелдік тәжіриебе назар аударуды талап етеді. Қалдықтарды басқаруға мемлекеттің қатысуы негізделіп ұйымдастырылған түрі ұлттық компания немесе акционерлік қоғам түріндегі мемлекеттік корпорация болады.

Палата төрағасының орынбасары Мұхамбет Көпеев талқылауға қатысушы парламент сенатының депутаттарының, қоршаған ортаны қорғау, энергетика және минералды ресурстар, индустрия және сауда, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау министрліктерінің, жергілікті атқарушы органдардың басшыларының, институттардың, үкіметтік емес ұйымдардың және бизнес құрылымдары өкілдерінің алдында сөз сөйледі.

Елімізде өндіріс қалдықтары және оны тұтыну саласындағы жағдайды талдау барысында қолданыстағы экологиялық заңнамада қалдықтар төңірегіндегі мәселелерге айтарлықтай назар аударылғанын айта келіп М.Көпеев халықаралық ережелердің ескерілгенін және осы саладағы мемлекеттік басқарудың тиімділігіне тоқталды.

"Мемлекет басшысының "Нұр Отан" партиясының кезектен тыс ХІІ съезінде ел экономикасын инновациялық индустрияландыру туралы қойған міндеттерін ескере отырып, біздер қоршаған ортаны қорғау саласында қолданылып жүрген заңнаманы қайта қарап, қалдықсыз технологияларды енгізуді ынтыландыру, қалдықтарды полигондардан көмуден гөрі оларды кәдеге жарату ісіне басымдық беру, қалдықтармен жұмыс істеу саласында қолда бар ең жақсы технологияларды қолдану, арнайы реттеуді қажетсінетін қалдықтар ағынын басқару, қалдықтарға меншіктің ауысу тетігін жазып көрсету және тағы басқа осы сияқты нормаларды бекітуіміз қажет",-деді төраға орынбасары.

М.Көпеевтің пікірінше, бұл пікірсайыс қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты заңнамалық тұрғыда қолдаудың басым бағыттарын әзірлеуге ықпал етуі тиіс.

Талқылау барысында сөз алған депутат Сергей Плотников мақсатты көрсеткіштер мен квоталарды бекіту есебінен өнеркәсіп орындарының эмиссиясын төмендетуге, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға, экология-экономикалық серпін беруге ықпал ететін құқықтық тетіктер жасау қажеттігін атап өтті.

Парламентте Экологиялық кодекске экологиялық қауіпті технологияларды, техника мен жабдықтарды әкелуді реттеу мәселелері бойынша түзету енгізетін заң жобасы бойынша жұмыстар аяқталғанын атап өте келіп С.Плотников халықаралық стандарттарды енгізу, халықаралық табиғат қорғау Конвенциясынның негізгі ережелерінің әдістерін әзірлеу мен жүзеге асыру дәрежесін бағалау жөніндегі құқықтық негізді жетілдіру қажеттігін айтты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны