14.10.2011, 11:28 4013

Қостанай облысында 800 астам адам "Бизнес-кеңесші" бағдарламасы бойынша білім алды

"Даму" қорының таратқан хабарламасында қордың Қостанай облысындағы бөлімшесі "Бизнес-кеңесші" трениг-оқыту бағдарламасының төртінші кезеңінің аяқталғандығы атап көрсетілген.

Қостанай. 14-қазан. Kazakhstan Today - Қостанай облысында 800 астам адам "Бизнес-кеңесші" бағдарламасы бойынша білім алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорының облыстық бөлімшесіне сілтеме жасай отырып.

"Даму" қорының таратқан хабарламасында қордың Қостанай облысындағы бөлімшесі "Бизнес-кеңесші" трениг-оқыту бағдарламасының төртінші кезеңінің аяқталғандығы атап көрсетілген. Осы шара аясында шағын және орта бизнес субъектілеріне және де кәсіпкерлік бастама танытып отырған тұрғындарға ақпараттық-консалтингілік қолдау көрсетілген. Облыстың әрбір қалалары мен аудандарында кәсіпкерлікке үйрететін екі күндік курстар өткізілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны