22.05.2015, 13:24 4417

Қостанай облысында қырылған киіктер саны 85 мыӊға жетуі мүмкін - ҚР АШМ

Қостанай облысында киіктердіӊ жаппай қырылуына байланысты ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетініӊ қызметкерлері бұл жануарлардыӊ бүкіл мекен ететін аймақтарында мониторинг жүргізуде, деп хабарлайды министрліктіӊ баспасөз қызметінен

Астана. 22 Мамыр. Kazakhstan Today - Қостанай облысында киіктердіӊ жаппай қырылуына байланысты ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетініӊ қызметкерлері бұл жануарлардыӊ бүкіл мекен ететін аймақтарында мониторинг жүргізуде, деп хабарлайды министрліктіӊ баспасөз қызметінен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

17 мамырда "Ырғыз-Торғай" мемлекеттік табиғи резерватыныӊ аумағында Бетпақдала таралымындағы 4 киіктіӊ қырылуыныӊ алғашқы оқиғасы тіркелді. Соӊғы деректер бойынша 2880 ұша көмілді. Киіктерді жинау және жою жұмыстарына 90 адаммен 30 техника жұмылдырылды, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"21 мамырда Ақмола облысыныӊ Жарқайыӊ және Жақсы аудандарында мыӊнан аса киіктердіӊ өлекселері табылды. Қостанай облысыныӊ Амангелді ауданына қазірдіӊ өзінде 40 мыӊға жуық киік ұшасы көмілді, шамамен тағы 20 мыӊ өлген жануарларды көму керек. Санақ ұшаларды көму кезінде жүргізіледі. Сондай-ақ Жангелді ауданында алдын-ала ақпарат бойынша 25 мыӊ киіктіӊ өлгені тіркелді. Жалпы алғанда, Қостанай облысы бойынша қырылған киіктер саны шамамен 80-85 мыӊға жетуі мүмкін. Киіктерді жинау және жою жұмыстарына 534 адам мен 93 техника тартылған. Киіктер арасында аурудыӊ неліктен орын алып жатқаны осы уақытқа дейін беймәлім", делінген хабарламада.

Киіктердіӊ жаппай қырылуы олар төлдейтін және осы жануарлардыӊ тұрақты мекендеу орны болып табылмайтын өӊірде орын алып отырғанын атап өту керек. Киіктер қысты республиканыӊ оӊтүстік аймақтарында өткізіп, көктемніӊ келуімен солтүстікке қарай қоныс аударған.

Болған оқиға жайында облыстар әкімдіктеріне, ТЖ бойынша өӊірлік қызметтерге, Бас прокуратураға, ҚР Энергетика министрлігініӊ Мұнай-газ кешенінде экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетіне, ҚР БҒМ мамандандырылған ғылыми-зерттеу институттарына, ҚР АШМ Ветеринариялық бағалау және қадағалау комитетіне хабарланды.

Бұдан бұрын ҚР Білім және ғылым министрлігі "Қазақстан Республикасыныӊ аумағында мекендейтін киіктер таралымында жұқпалы аурулардыӊ таралуыныӊ эпизоотиялық мониторингі және алдын алу әдістерін әзірлеу" деген атаумен жалпы сомасы 332 млн. теӊгені құрайтын 2012-2014 жылдарға арналған бағдарламаныӊ тапсырыс берушісі болды. Бағдарламаны орындаушы болып ҚР БҒМ Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты айқындалды. Зерттеулер шеӊберінде киіктер таралымындағы жұқпалы аурулардыӊ эпизоотиялық мониторингін жүргізу, сондай-ақ киіктер ауруларыныӊ диагностикасы мен профилактикасыныӊ заманауи жедел әдістерін әзірлеу көзделді. Киіктердіӊ кенеттен және жаппай қырылып қалу себептері күні бүгінге дейін анықталған жоқ.

Қазіргі кезде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Қызыл кітапқа енгізілген жануарлардыӊ жаппай қырылу себептерін анықтауға көмек көрсету үшін сарапшылар жіберу жөнінде Жабайы жануарлардыӊ қоныс аударатын түрлерін сақтау жөніндегі хатшылыққа (Бонн конвенциясы) ресми өтініш жасады. Бүгін Астанаға Ұлыбританиядан Корольдік Ветеринария колледжініӊ өкілі Ричард Кох келді. Сондай-ақ зерттеу жұмысына Франкфурт зоологиялық қоғамыныӊ өкілі Штефан Цутар (Германия) тартылды.

Бұған қоса, АШМ Жалпыресейлік ветеринариялық микробиология және вирусология ғылыми-зерттеу институтына (Покров қ.) хабарласып, жауап күтуде.

Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталықтыӊ сараптамасыныӊ нәтижесі бойынша Қостанай облысындағы Бетпақдала популяциясыныӊ киіктері пастереллезден жаппай қырылғандығын көрсетті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны