02.04.2009, 18:17 2531

Қостанай облысында қуаты жағынан Екібастұз бен Балхаш ГРЭС-інен кем түспейтін электр станциясы салынады - "Тобыл" ИКК

Қостанай облысында қуаты жағынан Екібастұз бен Балхаш ГРЭС-інен кем түспейтін электр станциясы салынады - "Тобыл" ИКК

Астана. 2 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қостанай облысында қуаты жағынан Екібастұз бен Балхаш ГРЭС-інен кем түспейтін электр станциясы салынады. Бұл туралы бүгін өткен брифинг барысында "Тобыл" ИКК ҰК" АҚ басқармаларының төрағасы Марат Толыбаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Қостанай өңірі бірегей байлыққа ие. Облысымыздағы Торғай көмір бассейнінде 20 млрд тонна қара көмір бар. Оның 5,6 млрд тоннасын ашық тәсілмен алуға болады. Оны пайдаланбау - ысырапшылық болар еді, сол себепті үкімет осыдан бір жыл бұрын өңірде электр станциясын салу мәселесін зерттеуді тапсырған", - деді М. Толыбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны