21.02.2011, 12:56 3855

Қостанайда бірінші ауысымда оқитын сыныптарда сабақ тоқтатылды

Қостанайда 21-ақпан күні бірінші ауысымда оқитын сыныптарда сабақ тоқтатылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қостанай. 21 - ақпан. Kazakhstan Today - Қостанайда 21-ақпан күні бірінші ауысымда оқитын сыныптарда сабақ тоқтатылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"21-ақпан күнгі сағат 06.00 облыс орталығындағы ауа температурасы 34 градус суықтықты көрсетіп тұр. Осыған байланысты мектептерде бірінші ауысымда оқитын 1-11 сыныптарда сабақ тоқтатылды ", деп хабарлады Қостанай қаласы әкімшілігінің білім беру бөлімінен.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін күннің қатты суытуына байланысты Астана мектептерінде бірінші ауысымда оқитын 1-9 сыныптарда сабақ тоқтатылған болатын.

Астана қаласының білім беру басқармасы бекіткен параметрлерге сәйкес бастауыш сыныптар үшін сабақтар тиімді ауа температурасы (ауа температурасы мен жел) минус 25 градус және төмен болған жағдайда сабақтар тоқтатылдаы. 9-сыныпқа дейінгі оқушылар үшін ауа температурасы минус 30 градус және төмен, жоғары сынып оқушылары және кәсіби лицейлер мен колледждердің 1-2 курс студенттері үшін - минус 35 градус және төмен жағдайда сабақтар тоқтайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны