26.12.2014, 13:53 3655

Қостанайда қазақ-түрік лицейініӊ 7 оқушысы уланып қалып, ауруханаға түсті

Бүгін түнде Қостанай балалар ауруханасына улану белгілерімен қазақ-түрік лицейініӊ бірнеше тәрбиеленушісі түсті, деп хабарлады облыстық ІІД-інен.

Қостанай. 26 желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін түнде Қостанай балалар ауруханасына улану белгілерімен қазақ-түрік лицейініӊ бірнеше тәрбиеленушісі түсті, деп хабарлады облыстық ІІД-інен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Аталған факті бойынша тергеуге дейінгі тексеріс басталды, ҚР ҚК-ныӊ 267-бабы бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі қарастырылуда. Барлығы ауруханаға жеті бала жеткізілді", - делінген хабарламада, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Қазақ-түрік лицейінде полиция мен тұтынушылардыӊ құқығын қорғау қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Олар балалардыӊ улануына не себеп болуы мүмкін екендігін анықтауда. Бір белгілісі, жақын күндері ауырып қалған лицей тәрбиеленушілерініӊ бірі ата-анасымен бірге қала сыртындағы дәмханада тамақтанған. Алайда қалған алтауы лицей асханасынан ас ішкен соӊ уланып қалған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны