25.06.2012, 12:56 3209

Қостанайда кәзіргі діни ағымдар мәселелері бойынша сауаттылықты арттыру жөніндегі жоба ұсынылды

Конфессияаралық қарым-қатынастар саласында мамандандырылатын сарапшылар мен ғалымдардың, мемлекеттік органдардың, білім беру мекемелерінің, ЖОО, ҮЕҰ, БАҚ, дәстүрлі конфессиялар өкілдерінің қатысуымен фокус-топтың отырысы өткізілді.

Қостанай. 25-маусым. Kazakhstan Today - Қостанайда кәзіргі діни ағымдар мәселелері бойынша сауаттылықты арттыру жөніндегі жоба ұсынылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Конфессияаралық қарым-қатынастар саласында мамандандырылатын сарапшылар мен ғалымдардың, мемлекеттік органдардың, білім беру мекемелерінің, ЖОО, ҮЕҰ, БАҚ, дәстүрлі конфессиялар өкілдерінің қатысуымен фокус-топтың отырысы өткізілді.

Жоба мамандары қатысушыларды жобаның мақсаттары мен міндеттерімен таныстырды. Ир түрлі мақсатты топтарда ақпараттық-түсіндіру жұмысы ұйымдастырылады, бүлдіргіш ұйымдардың қызметінен жапа шеккендерге психологиялық және заң кеңесі беріледі. Аса назар жастарға аударылады - ЖОО студенттік кеңестерінің ішінен ақпараттық жұмысты өткізуге еріктілер командасы құрылады. Студенттерден басқа мақсатты топты облыстың білім беру қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлер, бизнес саласының өкілдері, қоғам пікірінің көшбасшылары, жұмысшы жастар кіргізіледі.

Шараның ұйымдастырушылары аталған мәселеге көпшіліктің назарын аударуды, бірлескен жұмыс үшін серіктестерді анықтауды және мүдделі мемлекеттік органдармен, ҮЕҰ, БАҚ мүмкін болатын ынтымақтастықты талқылауды көздеген болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны