11.01.2011, 14:38 3939

Қостанайда жол полициясының қызметкері қаңғыбас әйелді қағып кетіп, оқиға орнынан бой тасалаған

Қостанайда жол полициясының қызметкері қаңғыбас әйелді қағып кетіп, оқиға орнынан бой тасалаған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚазТаг агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Қостанай. 11 - қаңтар. Kazakhstan Today - Қостанайда жол полициясының қызметкері қаңғыбас әйелді қағып кетіп, оқиға орнынан бой тасалаған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚазТаг агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Агенттіктің хабарлауынша, жаңа жыл қарсаңында Қостанай-Рудный-Қарабұлақ жолында баспанасыз әйелді қағып кетіп, оқиға орнына тастап кеткен Қостанай облыстық жол полициясы қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Кейін адам өліміне әкелген осы оқиғаны растаған облыстық ІІД-і жол көлік оқиғасы 31-ші желтоқсанда таңғы 8:20 сағатта орын алғанын атап өтті.

"Жұмысқа бара жатқан полиция сержанты - Қостанай облыстық ІІД ЖПБ жеке батальон инспекторы алакеуімде және көріну қашықтығы нашар жағдайда, көшеде мас күйінде жатқан 32 жасар тұрақты тұратын мекен жайы белгісіз әйелді қағып кеткен", - деп ведомство баспасөз қызметінен хабарлады.

Полицейлер атап көрсеткендей, ЖКО жасаған полицей тоқтамастан, ауыр жарақат алған әйелді оқиға орнында тастап кеткен. "Кейін ол ЖКО іздерін жасырмақшы болып, қызмет көлігінің бамперін жөндегене және басшылықты болған оқиға туралы хабардар етпеген", - дейді департаменттегілер.

Өзінің әрекетін сержант, адамды емес белгісіз нәрсені қағып кеттім деп ойлағанымен түсіндіріпті.

Жарақат алған әйелді бірнеше минуттан соң осы Қостанай мен Рудный арасындағы жолды тексеріп жүрген инспектордың әріптестері тауып алыпты. Олар дәрігерлер мен оперативтік кезекшіге хабарлап, алғашқы көмек көрсетіп, әйелді ауруханаға жеткізген, дейді полициядағылар.

Ауруханаға жеткізілген әйелден дәрігерлер қатты үсікке шалдыққандық және сүйектері жарақат алған ЖКО белгілерін анықтаған.

Сол күні кешкісін оқиға орнын тексерген оперативтік-тергеу тобы жол апаты оқиғасына кінәлі жүргізушіні анықтаған. Сараптама бойынша адамды жол полициясының қызмет көлігі қағып кеткендігі анықталған.

Қызмет тексерісінің нәтижесінде облыстық ІІД тәртіптік комиссиясы полиция басшылығына ЖКО қатысы бар полицейді жұмыстан аластатуды ұсынды, дейді департаменттегілер.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Қостанай облыстық жол полициясының инспекторы ішкі істер органдарының атына кір келтіргені үшін жұмыстан босатылды, деп хабарлады ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.

Баспасөз қызметінің басшысы Елена Кашаринаның айтуынша, инспектор адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасының салдарынан жұмыстан шығарылып отыр. Төтенше оқиға 31 желтоқсан күні таңертең болған. "Сержант қызмет көлігімен Қостанай-Рудный-Қарабұтақ тас жолында келе жатып, жолдың үстінде мас болып жатқан қаңғыбас әйелді байқамай қағып кеткен. Инспектор оқиға орнына тоқтамаған және оқиғаның ізін жасырмақ болып, машинаның бамперін жөндеген. Ол адам қақтым деп ойламағандықтан, оқиға туралы баян етпегенін айтып отыр", - дейді Е.Кашарина.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны