04.03.2008, 13:15 2707

ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің басшылығы интернет желісінде ұлттық іздеу жүйесін таяудағы жылы іске қосуды жоспарлауда

ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің басшылығы интернет желісінде ұлттық іздеу жүйесін таяудағы жылы іске қосуды жоспарлауда

Астана. 4 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің басшылығы интернет желісінде ұлттық іздеу жүйесін таяудағы жылы іске қосуды жоспарлауда. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің төрағасы Қуанышбек Есекеев құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Ұлттық іздеу желісін дамыту жайы "Электронды үкімет" бағдарламасының аясында қарастырылған. Біз бұл жүйеге қатысты жұмыстарды биыл бастаймыз", -деді Қ. Есекеев.

"Сол себепті мен келесі жылы біз ұлттық іздеу жүйесін ұсынатын боламыз деп ойлаймын. Оның көмегімен халық ақпаратты ұдайы іздей алады", - деді ол.

Ұлттық іздеу жүйесі тез арада дамытуды талап ететін портал. "Оған себеп, кез-келген тұтынушы үшін интернет желісі "Рамблер", "Майл.ру", "Яндекс" немесе Google секілді желілермен таныс", -деді ол.

"Осынау іздеу желілері шетелдерде жасалған, сол себепті өзіміздің ішкі слоганымыз бар ұлттық іздеу жүйесін бөлу көзделіп отыр", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны