19.04.2016, 19:21 4075

ҚР Бас прокуратурасы жалған "несие берушілерден" сақ болуды ескертеді

"Кейінгі кездері несиелерді жылдам әрі оӊай алу және өзіӊіздіӊ жинақ қорыӊызды көбейту мүмкіндіктері туралы электрондық хаттар, смс-хабарламалар мен хабарландырулар тарату жағдайлары жиілеп кетті

Астана. 19 сәуір. Kazakhstan Today - ҚР Бас прокуратурасы жалған "несие берушілерден" сақ болуды ескертеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Кейінгі кездері несиелерді жылдам әрі оӊай алу және өзіӊіздіӊ жинақ қорыӊызды көбейту мүмкіндіктері туралы электрондық хаттар, смс-хабарламалар мен хабарландырулар тарату жағдайлары жиілеп кетті, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Идетте, алаяқтар азаматтардыӊ сенгіштігін немесе қиын жағдайға тап болуын пайдалана отырып, қаражат мәселесін оӊай шешуге байланысты ыӊғайлы шарттармен адамдардыӊ қызығушылығын оятады, сонымен қатар несие алуға қатысты оӊ шешім шығару үшін алдын ала төлем жасауға көндіре бастайды. Басқа жағдайда күдік тудыратын жобаларды инвестициялау арқылы аз уақыт ішінде пайда табуға уәде береді.

Мұндай сипаттағы ұсыныстар бірден күдік тудыруы керек.

Өзіӊізді "жалған несие берушілерден" қорғау өте жеӊіл. Несие беру қызметін көрсету және салымдарды қабылдаумен айналысатын ресми түрде қызмет ететін екінші дәрежелі банктер мен шағын несиелік ұйымдар тізімімен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкініӊ ресми интернет-ресурсында (www.nationalbank.kz), Банктіӊ Астана, Алматы қалаларындағы және барлық облыстардағы бөлімшелерінде танысуға болады.

Құрметті азаматтар, алаяқтардыӊ айласына түспеу үшін әрдайым қырағылық пен сақтық танытыӊыздар.

Есіӊізде болсын, егер өзімізді алдауға жол берсек, онда алаяқтық қарқынды дами береді.

Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаӊыз, олар жайлы өз жақындарыӊызға айтыӊыз, осылайша Сіз өз капиталыӊызды заӊсыз әрекеттерден қорғай аласыз.

Алаяқтыққа қатысты барлық жағдайлар туралы дереу құқық қорғау органдарына хабарлаӊыз", деп жазылған Бас прокуратураныӊ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны