16.06.2008, 15:40 2956

ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің жаңадан құрылған өңіраралық инспекцияларының бастықтары тағайындалды

ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің жаңадан құрылған өңіраралық инспекцияларының бастықтары тағайындалды

Астана. 16 маусым. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің жаңадан құрылған өңіраралық инспекцияларының бастықтары тағайындалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Ибдікәрим Ақжанов ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің Ақмола және Қарағанды облыстары мен Астана қаласы бойынша өңіраралық инспекциясының бастығы;

Азамат Қамшыбаев Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясының бастығы;

Байсейіт Түймебаев Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша өңіраралық инспекциясының бастығы;

Нұрлан Таубаев Атырау және Маңғыстау облысы бойынша өңіраралық инспекциясының бастығы;

Мұрат Имандосов Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өңіраралық инспекциясының бастығы;

Зарап Ибраев Қостанай және Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өңіраралық инспекциясының бастығы;

Мейрамхан Қыдырбаев Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясының бастығы болып тағайындалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны