17.05.2016, 13:02 4113

ҚР БҒМ басшысы мектеп оқулықтарын сатып алу және жеткізу рәсімдеріне күнделікті мониторинг жүргізуді тапсырды

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтіӊ төрағалығымен 2016-2017 оқу жылына оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешенмен қамтамасыз ету мәселесі бойынша облыстар және Астана, Алматы қалаларыныӊ әкімдігімен іріктемелі кеӊес өтті, деп хабарлайды ҚР БҒМ

Астана. 17 мамыр. Kazakhstan Today - Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтіӊ төрағалығымен 2016-2017 оқу жылына оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешенмен қамтамасыз ету мәселесі бойынша облыстар және Астана, Алматы қалаларыныӊ әкімдігімен іріктемелі кеӊес өтті, деп хабарлайды ҚР БҒМ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Кеӊес барысында Ерлан Сағадиев БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау және Ғылым комитеттеріне баспалардыӊ іс-әрекетіне, сатып алуларға және оқулықтарды жеткізуге күнделікті мониторинг жүргізуді және мониторинг қорытындысы бойынша әр үш күн сайын министрді тікелей хабардар етуді тапсырды", - делінген хабарламада, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Сондай-ақ, кеӊес барысында министр баспалармен одан әрі жұмыс жасау, сатып алу және еліміздіӊ мектептеріне жеткізу үшін баспаларға және жергілікті атқарушы органдарға жіберілетін "Оқулықтардыӊ, оқу-әдістемелік кешендерініӊ, құралдарыныӊ және басқа да қосымша әдебиеттердіӊ, оныӊ ішінде электрондық жеткізгіштегілерініӊ тізбесін бекіту туралы" бұйрыққа қол қойғандығын айтты.

Өӊірлер Қазақстанда көрсетілген ұлттық мектептер үшін жеке оқулықтарды ұйғыр, өзбек және тәжік тілдеріне аудару қажеттігіне көӊіл бөлді. Өз кезегінде аударма жұмыстары баспалармен жасалынатындығы, ал оқулықтарға кететін уақыт оқулықтарды уақтылы жеткізуге әсер етпейтіндігі аталып өтті.

"Баспаларға ағымдағы жылғы 16 мамырға дейін жергілікті атқарушы органдарға оқулықтардыӊ соӊғы бағасын ұсынуды тапсырды. Ал әкімдіктер ағымдағы жылғы 10 маусым мерзіміне дейін оқулықтарды алуға баспалармен тиісті шарттар жасауы және мектептерге оқулықтарды уақтылы жеткізу мәселесін қарастыруы қажет", - деп мәлімдеді ҚР БҒМ.

Кеӊ желісі арқылы әр облыстыӊ барлық ауылдық округтеріне жүкті жеткізу міндеттемесін өзіне алатын "Қазпошта" ұлттық пошта операторы оқулықтарды жеткізу бойынша өз қызметін ұсынды, сонымен қатар on-line режимде жеткізуге мониторинг жүргізу әр мектептіӊ оқулықпен қамтамасыз етілгендігіне бақылау жүргізуге мүмкіндік береді. Министр өз кезегінде "Қазпошта" өкілдеріне әлеуметтік жауапкершілік алуға және жеткізу құнын төмендетуге шақырды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны