21.02.2013, 10:04 3687

ҚР БҒМ-нің басшысы Қазақстандағы білім сапасына қатысты мәселелер туралы айтты

Білім және ғылым министрлігі білім беру мен ғылымның барлық деңгейлеріндегі мәселелер мен кемшіліктерді ашық талқылауға дайын, деді ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов ҚР БҒМ-нің қоғаммен байланыс жөніндегі кеңестің екінші отырысында.

Астана. 21-ақпан. Kazakhstan Today - ҚР БҒМ-нің басшысы Қазақстандағы білім сапасына қатысты мәселелер туралы айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Білім және ғылым министрлігі білім беру мен ғылымның барлық деңгейлеріндегі мәселелер мен кемшіліктерді ашық талқылауға дайын, деді ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов ҚР БҒМ-нің қоғаммен байланыс жөніндегі кеңестің екінші отырысында.

"Білім беру жүйесіндегі барлық мәселелер туралы ашық сөйлесе алатын мұндай алаңдар (ред. БҒМ-нің қоғаммен байланыс жөніндегі кеңесі) елімізде онша көп емес", - деді Б.Жұмағұлов.

Оның айтуынша, мағлұмат жетпейтін жұртшылық арасында мәселелер көп туындайды. "Барлық жерлерде білім сапасын бақылау департаменттерін құрдық. Білім беру стандарттарының қалай орындалатынын тексереміз, 11-сынып оқушылары білім алудың орнына тест тапсырмаларын жаттайтынын өзіміз бірінші болып айттық. Қазір осы мәселе Министрліктің басты кемшілігіне айналды", - деп атап өтті министр.

Білім беру ведомствосының басшысы мұндай кемшіліктердің мектепке дейінгі, мектептегі, кәсіби-техникалық білім беру саласында бар екенін де қосып айтты.

"Тағы бір мәселе мектеп әкімгерлерін жағдайды өзгертіп, сан емес, сапаға негізделген білім беруге мәжбүрлеу. Бұл Министрлігіміздің міндеті. Барлық оқулықтарды қайта жасау мүмкін емес. Оларды қайта тапсырып, түзетеміз. Бұл қазіргі таңда шешіліп жатқан мәселелер", - деді ол.

Ол қоғаммен байланыс жөніндегі кеңес қызметінің маңыздылығы мен оның білім беру сапасын жақсартудағы рөлін атап өтті.

"Қандай мәселелер бар екенін білу үшін Министрліктен бастап мектепке дейін кез-келген ұйымға кіріп, ондағы мәселелерді түсінуге тырысу керек. Қоғаммен байланыс жөніндегі кеңес кемшіліктерімізді көрсетіп, жұмысымызға көмектесе алу үшін мұны министрдің бұйрығы етіп жасаңдар", - деп қортындылады Б.Жұмағұлов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны