25.07.2007, 17:34 3020

ҚР Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының бір бөлігін техникалық мамандықтар бойынша маман дайындауға бағыттай бастамақ ниетте

ҚР Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының бір бөлігін техникалық мамандықтар бойынша маман дайындауға бағыттай бастамақ ниетте

АСТАНА. 25 шілде. Kazakhstan Today. ҚР Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының бір бөлігін техникалық мамандықтар бойынша маман дайындауға бағыттай бастамақ ниетте. Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев "Bateman Litwin" компаниясының бас директоры Владимир Бохачевскиймен кездесуде мәлім етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біз еліміздегі жоғары оқу орындарының бір бөлігін техникалық мамандықтар бойынша маман дайындауға бағыттай бастамақшымыз", - деді Ж. Түймебаев. Оның айтуынша, қазір 16 индикатор бойынша жоғары оқу орындарының заңнамаға сәйкестігі тексерілуде.

"Олар ешбір қажеттігі жоқ экономистер мен заңгерлерді дайындағаннан гөрі, жоғары сұранысқа ие дәнекерлеушілерді, құюшылар мен өндіріс менеджерлерін дайындасын", - деп мәлімдеді министр. Оның айтуынша, қазір елімізде 144 мың жұмыссыз - жоғары білім алғандар.

"Біз жоғары білім игерген мамандардың барлығы да оқу орнын тәмамдаған соң өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігіне қол жеткізгіміз келеді", - деді Ж. Түймебаев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны