04.12.2007, 16:54 2910

ҚР Бішкек - Нарын - Торугарт жол магистралін оңалту басты басымдықтардың бірі

ҚР Бішкек - Нарын - Торугарт жол магистралін оңалту басты басымдықтардың бірі

Бішкек. 4 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанды Қытай және Қазақстанмен байланыстырып жатқан Бішкек-Нарын-Торугарт халықаралық көлік дәлізін оңалту - басты басымдықтарының бірі, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстан Республикасының коммуникация және көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бұл жол, Қырғызстанда Ош-Сарыташ-Иркемташ халықаралық трассадан кейін, маңыздылығы жағынан екінші орында. Ол елдің территориясын кесіп өтіп, оңтүстіктегі Торагурт ҚХР шекаралық бекетінен, солтүстіктегі Қазақстанның Қордай пунктіне дейін көліктің транзитін қамтамасыз етуде, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметіндегілер.
Министрліктің халықаралық көлік дәліздері мәселесіне арналған жиналысында, Қырғызстан бойынша 2010 жылға дейін арнайы бағдарламалар бойынша, пайдалану талаптарына сай келтірелетін 5 көлік дәлізі анықталды. Алайда, бұл жоба тек халықаралық инвестициялар есебінен ғана іске асырылады. Бүгінде Бішкек-Нарын-Торугарт трассасына жұмсалатын қаржы іздестірілуде".

Көлік министрлігінің мәліметтері бойынша, оның қашықтығы 539 шақырым, ал оның жөнделуіне $250 млн қажет. Өзара түсіністік жөнінде меморамдумға сәйкес, Азия даму банкі нақты жобалауға техникалық көмек ретінде $400 мың бөлуді, ал 2008 жылы жөндеу жұмыстарына $30 млн бөлуді көздеп отыр. Алайда, бұл қаржы жол учаскесіне байланысты 60-80 шақырым жолды ретке келтіруге ғана жетеді, ал қалғанына ақша жоқ. Енді Қырғызстанның көлік қызметіне жетіспеген қаржыны қысқа мерзім ішінде табу жөнінде міндет қойылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны