05.10.2009, 12:08 1507

ҚР денсаулық сақтау министрі қазанның аяғында тұмау етек алады деген болжам айтады

ҚР денсаулық сақтау министрі қазанның аяғында тұмау етек алады деген болжам айтады

Астана. 5 қазан. Kazakhstan Today - ҚР денсаулық сақтау министрі қазанның аяғында тұмау етек алады деген болжам айтады. Бұл туралы бүгін мәжілісте өткен "үкіметтік" сағатта ҚР денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Маусымдық тұмау қазанның аяғында белең алады деп күтіп отырғанымызды мүмкіндікті пайдаланып айта кетейін", - деді министр.

Ж. Досқалиев осы орайда тұрғындарды тұмауға қарсы екпе жасатуға шақырды. "Егер мүмкіндік болса, екпе жасатып, ауырмауға тырыссаңыздар екен", - деді Ж. Досқалиев.

Осы орайда министр Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі A (H1N1) тұмауының қайта белгі беру мүмкіндігіне дайын екенін мәлімдеді. "Бұл тұмауға қарсы аса тиімді препарат бар, бізде ол жеткілікті, адамдар дәрісіз қалады деп қорқудың қажеті жоқ", - деді Ж. Досқалиев.

Еске сала кетейік, осы жазда Қазақстанда A (H1N1) тұмауының вирусын жұқтырудың 17 оқиғасы тіркелді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны