23.06.2009, 17:33 2833

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі фармацевтикалық компаниялармен бірлесе Астанада жаңа зауыттар сала бастауды жоспарлауда

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі фармацевтикалық компаниялармен бірлесе Астанада жаңа зауыттар сала бастауды жоспарлауда

Астана. 23 июня. "Казахстан Сегодня" - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі фармацевтикалық компаниялармен бірлесе Астанада жаңа зауыттар сала бастауды жоспарлауда. Бұл туралы бүгін өткен апталық брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Сыздық Баймұханов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Сыздық Баймұхановтың хабарлауынша, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі "СК-Фармация" ЖШС-імен бірлесе біріккен өндірістер ашу мүмкіндіктерін қарастыру үшін жетекші фармацевтикалық компаниялармен бірқатар кездесулер өткізді.

Келіссөздердің нәтижесінде Астанада бірқатар жаңа зауыттар салу жөнінде келісім жасалды.

Атап айтсақ, Астанада Израильдің компаниясымен бірлесе коронарлық стент өндіретін зауыт, сондай-ақ, "Астана- жаңа қала" арнаулы экономикалық аймағында инъекциялық және инфузиялық сұйықтықтар, ұнтақ түріндегі антибиотиктер мен таблетка түріндегі дәрілер өндіретін заманауи фармацевтикалық кешен, плазма өңдеу зауыты, АҚШ компаниясымен бірлесе Қазақстанда инсулин өндіретін зауыт ашу жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны