14.07.2009, 13:55 2350

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жалған дәрілік заттарды сатқаны үшін жүктелетін қылмыстық жауапкершілікті күшейту жөнінде заңнамаға түзетулер енгізуге бастама көтерді

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жалған дәрілік заттарды сатқаны үшін жүктелетін қылмыстық жауапкершілікті күшейту жөнінде заңнамаға түзетулер енгізуге бастама көтерді

Астана. 14 шілде. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жалған дәрілік заттарды сатқаны үшін жүктелетін қылмыстық жауапкершілікті күшейту жөнінде заңнамаға түзетулер енгізуге бастама көтерді. Бұл туралы бүгін өткен апталық брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Сыздық Баймұханов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Нарық қатысушыларының жауапкершілігін көтеру үшін дамыған елдермен бірдей жалған дәрілік заттарды сатқаны үшін қылмыстық жауапкершілік жүктеуді қарастыратын заң нормасын енгізу қажет. Депутаттар да біздің заңнамалық бастамамызды қолдады және біз мұндай өзгерістерді осы жылдың аяғына дейін енгізуді жоспарлап отырмыз", - деді С. Баймұханов.

"Қазақстанның қылмыстық заңнамасына түзету енгізіліп, онда аталған заң бұзушылық үшін үштен бес жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылмақшы", - деді ол.

Ал қазір Қазақстан заңнамасында жалған дәрілік заттарды таратқаны үшін 150 АЕК (1 АЕК=1296 теңге) көлемінде айыппұл салу жазасы көзделген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны