16.08.2012, 13:42 3273

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің болжауынша, 1 миллион қазақстандық темекіден бас тартуы мүмкін

2013 жылдың сәуір айынан бастап елімізде темекі қораптарында пиктограммалар түріндегі кескіндемелік бейнелер (темекіні тастауға үндейтін, үгіттейтін қорқынышты суреттер) пайда болмақшы. Денсаулық министрлігінің басшылығы осының арқасында 1 миллионға тарта адам зиянды әрекеттен бас тартады деген болжам жасап отыр.

Астана. 16-тамыз. Kazakhstan Today - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің болжауынша, 1 миллион қазақстандық темекіден бас тартуы мүмкін, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2013 жылдың сәуір айынан бастап елімізде темекі қораптарында пиктограммалар түріндегі кескіндемелік бейнелер (темекіні тастауға үндейтін, үгіттейтін қорқынышты суреттер) пайда болмақшы. Денсаулық министрлігінің басшылығы осының арқасында 1 миллионға тарта адам зиянды әрекеттен бас тартады деген болжам жасап отыр.

Бұл жөнінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ербол Орынбаевтың төрағалығымен болған Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесінің XVІII отырысында айтылды.

"Темекі қораптарына пиктограммалар түрінде кескіндемелік бейнелер салуды реттейтін ҚР Үкіметі қаулысының шығуы елеулі оқиға болды. Мұндай суреттер 2013 жылдың сәуір айынан бастап, темекі қораптарында пайда болған соң 1 млн.-ға тарта адам зиянды әдеттен бас тартады деген болжам бар" деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Елімізде темекі тартудың алдын алу шаралары заңды қатайту жолымен жүргізіліп жатқаны белгілі. Атап айтқанда, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" ҚР Кодексімен 18 жасқа дейінгі балаларға шылымды даналап сатуға және қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салынғаны белгілі. Шылымды сыртқы жарнамада және БАҚ-та жарнамалауға "Жарнама туралы" заң арқылы тосқауыл қойылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны