30.06.2015, 12:08 7192

ҚР ДСИДМ 2020 жылға дейін экономиканыӊ барлық саласына қатысты 900-ге жуық кәсіби стандарт әзірлеуді жоспарлауда

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде "Индустрияландыруды кадрлық қамтамасыз ету" тақырыбында өткен брифингте Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді

Алматы. 30 Маусым. Kazakhstan Today - Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде "Индустрияландыруды кадрлық қамтамасыз ету" тақырыбында өткен брифингте Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Өз сөзінде Біржан Нұрымбетов экономика қажеттілігін еӊбек ресурстарымен қанағаттандырудыӊ және өндіріс пен оқыту арасында тікелей байланыс орнатудыӊ маӊызды элеметтерініӊ бірі кәсіби стандарттар әзірлеу екенін атап өтті.

Бүгінгі күні Үкімет "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп негізгі элементтері кәсіби стандарттар әзірлеу болып табылатын Ұлттық біліктілік рамкаларын қалыптастыру бойынша үлкен жұмыс жүргізіп жатыр.

2012-2014 жылдары аралығында 345 кәсіби стандарттар әзірленді, ағымдағы жылы тағы 58 әзірленетін болады. Жалпы, 2020 жылға дейін экономиканыӊ барлық саласына қатысты 900 кәсіби стандарт әзірлеу жоспарлануда.

Вице-министр кәсіби стандарттар мамандарды даярлау, қайта даярлау және олардыӊ біліктілігін арттыру бойынша оқу жоспарлары мен бағдарламаларды негізге алу қажеттілігін айтты. Сондықтан жұмыс берушілер олардыӊ әзірленуіне белсенді қатысуға тиіс.

"Осыған байланысты, біз 2016 жылдан бастап "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасына, нақтырақ айтқанда жұмыс берушілердіӊ салалық бірлестіктеріне кәсіби стандарт әзірлеу және актуализациялау бойынша міндеттерді тапсыруды жоспарлап отырмыз",-деді Біржан Нұрымбетов.

Одан басқа, сертификациялаудыӊ тәуелсіз жүйесін құру жоспарлануда. Ол жұмыс берушілердіӊ тікелей қатысуымен жүзеге асырылады және білім беру мекемесі бітірушісініӊ білімі және іскерлігі жұмыс берушініӊ тәжірибелік сұранысына қаншалықты сәйкес екендігін анықтауға бағытталған.

Қазіргі кезде пилоттық режимде мұнай-газ, тау-кен өндіруші және туристтік салалар мамадарыныӊ біліктілігініӊ сәйкестігін растайтын және кәсіби дайындығын бағалайтын 3 орталық жұмыс жасайды. Құрылыс және машина жасау салаларыныӊ мамандары үшін білім және дағдыларын бағалау енгізу жоспарлануда.

Сөзін қорытындылай келе, Біржан Нұрымбетов Қазақстанда индустрияландыруға, экономикалық өсуді қамтамасыз етуге және халықты жұмыспен қамтуға бағытталған бірқатар бағдарламалар іске асырылып жатқанын атап өтті.

"Бүгін 455 мыӊ жұмыссыз және 585 мыӊ өнімсіз еӊбекпен қамтылған адам бар, ол 1 миллионнан астам адам. Елімізді индустрияландыру осы санаттағы азаматтарды жұмысқа орналастыру мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.

Ағымдағы жылы өӊірлерді жұмыспен қамту кешеӊдік жоспарлары және "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасы шеӊберінде 322 мыӊ жұмыссыз және өздігінен жұмыспен қамтылған азаматтарға жұмыспен қамтылуына көмектесуді жоспарлап отырмыз".

Ағымдағы жылдыӊ бес айында 153 мыӊ адам жұмысқа орналастырылды, олардыӊ 52% немесе 80 мыӊы тұрақты жұмысқа тұрды, 73 мыӊ адам кәсіпорындарға уақытша жұмысқа, әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар практикасына және қоғамдық жұмыстарға жіберілді. 5 мыӊнан астам адам мемлекет есебінен оқуға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберілді.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны