06.05.2016, 19:17 6225

ҚР ДСИДМ жұмыс тобы аймақтарға енгізілетін міндетті медициналық сақтандыру ережелерін түсіндіреді

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі жұмыс тобын құрады және олар енгізілетін міндетті медициналық сақтандыру ережелерімен таныстыратын болады. Бұл туралы ведомство басшысы Тамара Дүйсенова Астана қаласындағы қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерге сапары барысында айтты

Астана. 6 мамыр. Kazakhstan Today - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі жұмыс тобын құрады және олар енгізілетін міндетті медициналық сақтандыру ережелерімен таныстыратын болады. Бұл туралы ведомство басшысы Тамара Дүйсенова Астана қаласындағы қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерге сапары барысында айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Біздер міндетті медициналық сақтандыруды енгізу туралы Жол картасын дайындадық. Оныӊ барлығы Мемлекет басшысы барша азаматтарға осы сақтандыруды түсіндіру жұмыстарын жүргізуге тапсырма беруіне орай жасалды, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Министр өз сөзінде ендігі күні түсіндіру бойынша жұмыстар мекен-жайлы жүргізілетіндігін айтты, яғни обыс, аудан және ауыл деӊгейлерінде.

"Егер бұрындары біз ҮЕҰ, қоғамдық ұйымдармен, медициналық ұйымдармен жұмыс жасаған болсақ, қазір біз мекен-жайлы баратын боламыз, яғни облыстық, аудандық және ауылдық деӊгейде. Біздіӊ жұмыс топтарымыз құрылады және олар осы бағыт бойынша жұмыс істейді. Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасын орындау аясында өзіміздіӊ Жол картамызды кеӊейтеміз",-деді Т.Дүйсенова.

Сонымен бірге, ведомство басшысы Қазақстан Республикасыныӊ Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мораторий Қазақстанныӊ халқымен пәтуа табу үшін жасалғандығын айтып өтті.

"Кеше Елбасы хабарлаған мороториді халықаралық тәжірибе деп айтқым келеді. Бұл инвестиция тарту үшін жер учаскелерін жалға беруге мүмкіндік, соынмен қатар жер қорларын дұрыс қолдануға да. Бұл кез-келген мемлекеттіӊ байлығы",-деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны