04.02.2016, 11:44 3493

ҚР ДСИДМ-де Қазақстанда медициналық сақтандыруды енгізу бойынша жобаны жүзеге асыру Жол картасы жасалды

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу туралы" тақырыбында өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Елжан Біртанов мәлімдеді

Астана. 4 ақпан. Kazakhstan Today - Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу туралы" тақырыбында өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ол өз сөзініӊ басында Қазақстандағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (әрі қарай - МИМС) Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасы Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамыныӊ 80 қадамын жүзеге асыру және Денсаулық сақтау саласын дамытудыӊ "Денсаулық" 2016-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында енгізіліп отырғанын еске салды. Президент "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" ҚР Заӊына 2015 жылғы 16 қарашада қол қойды.

"Бүгінгі таӊда "МИМС жүйесін енгізу туралы" жобасын жүзеге асыру Жол картасы жасалып, бекітілді. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінііӊ қызметкерлері мен мүдделі құрылымдар мамандарынан тұратын жұмыс тобы құрылды. Oxford Policy Mаnаgement пен Дүниежүзілік банктіӊ халықаралық сарапшылары шақырылды. 2016 жылдыӊ ортасына қарай ҚР ДСИДМ Медициналық қызметке ақы төлеу комитетініӊ базасында Медициналық сақтандыру әлеуметтік қоры құрылатын болады. Оныӊ ұйымдастыру-құқықтық формасы - коммерциялық емес акционерлік қоғам. Қордыӊ құрылтайшысы және жалғыз акционері Қазақстанныӊ Үкіметі болмақ", - деп хабарлады Елжан Біртанов.

Сонымен бірге, Вице-министр Қазақстанда енгізіліп отырған медсақтандыру жүйесі үздік халықаралық тәжірибені есепке ала отырып, мемлекет, жұмыс беруші және әрбір адамныӊ ынтымақты жауапкершілігініӊ негізінде жасалғанын атап айтты. Сонымен қатар, мемлекет экономикалық белсенділігі төмен халық үшін жарна төлейтін болады. Жұмыс берушілер - жалдамалы жұмысшылар үшін, қызметкерлер мен салық органдарында тіркелген өзін-өзі қамтыған азаматтар өздері үшін төлейтін болады.

Ерекше санаттағы азаматтар (халықтыӊ әлеуметтік тұрғыдан осал тобы) үшін мемлекет төлейтін жарнаныӊ мөлшерлемесі орташа айлық еӊбекақыныӊ 7% құрайды. Сонымен қатар мөлшерлеменіӊ көлемі 2017 жылы 4%, 2018 жылдан бастап 5%-ға, 2023 жылдан 6%-ға, 2024 жылдан 7%-ға сатылай өсетін болады.

Жұмыс берушілер жарнасы мөлшерлемесініӊ жалпы көлемі кірістіӊ 5%-ын құрайтын болады. Аударым 2017 жылы 2%-ды, 2018 жылы 3%-ды, 2019 жылы 4%-ды, 2020 жылы 5%-ды құрайтын болады.

Қызметкерлер жарнасыныӊ мөлшерлемесі кірістіӊ 2%-ын құрайтын болады, аударым 2019 жылы 1%, 2020 жылдан бастап 2% болады.

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар жарнасыныӊ мөлшерлемесі (жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар, азаматтық-құқықтық негіздегі келісім бойынша кіріс табатын жеке тұлғалар) олардыӊ кірісініӊ 7% құрайтын болады. Ол 2017 жылы 2%, 2018 жылы 3%, 2019 жылы 5%, 2020 жылдан бастап 7% болады.

Жұмыс берушілердіӊ жарнасы корпоративтік табыс салығын есептегенде, қызметкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар жарналары табыс салығын есептеу кезінде шегерілетін болады.

Илеуметтік медициналық сақтандыру Қоры жарнасын төлеуден азаматтардыӊ 15 санаты босатылады, оныӊ ішінде 12-сі - халықтыӊ әлеуметтік тұрғыдан осал тобы, сонымен қатар, әскери қызметкерлер, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарыныӊ жұмыскерлері.

Халықтыӊ әлеуметтік тұрғыдан осал тобына:

- балалар;

- "Алтын алқа", "Күміс алқа" иегерлері, бұрын "Батыр Ана" атағын алғандар, сонымен қатар I және II дәрежелі "Аналық даӊқ" орденімен марапатталған көп балалы аналар;

- ҰОС ардагерлері мен мүгедектері;

- мүгедектер;

- жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар;

- интернат мекемелерінде оқытылып, тәрбиеленіп жатқан тұлғалар;

- техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғарғы білім беру ұйымдарында күндізгі бөлімдерде, сонымен қатар резидентура формасындағы ЖОО кейін білім алып жатқан тұлғалар;

- бала тууға, бала асырап алуға, 3 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты демалыстағы тұлғалар;

- жұмыс істемейтін екіқабат әйелдер, іс жүзінде 3 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған жұмыссыз азаматтар;

- зейнеткерлер;

- еӊ төменгі деӊгейдегі қауіпсіздік мекемелерін есептемегенде сот шешімімен ҚАЖ мекемелерінде айыбын өтеушілер;

- уақытша ұстау изоляторлары мен тергеу изоляторларындағы азаматтар жатады.

"Жұмыс берушілер аударымы 2017 жылғы 1 қаӊтардан, қордан қаржыландыру 2017 жылғы 1 шілдеден басталады. Жарналардыӊ қажетті көлемде аударылуы салық органдарыныӊ құзырында болады. Жарналарды төлемеу және одан бас тартқан жағдайда айыппұл төлеу қарастырылған", - деді Елжан Біртанов.

Азаматтыӊ медициналық сақтандыруын тексеру үшін медициналық ұйым қызметкері оныӊ ЖСН нөмірін бірегей электрондық дерекқорға енгізу арқылы біле алады. Егер жарналары төленіп отырса, онда ол сақтандыру ұсынатын барлық қызметтерді қолдана алады. Егер болмаса, онда ол адамға медициналық көмектіӊ кепілдендірілген көлемі аясында көмек көрсетіліп, басқа шығындарды өз қаражатынан төлейтін болады.

"МИМС аясында көрсетілетін медициналық көмек көлемі қорға енгізілетін жарна сомасына тәуелді емес екенін атап айту керек. Аударымдардыӊ уақытылы төленіп тұруы жеткілікті. Көмек көлемі еӊбекақыға байланысты емес. Біреуі ай сайын 5 мыӊ төлесе, енді бірі 25 мыӊ төлеуі мүмкін. Еӊ бастысы, екеуініӊ де төлеуші болып табылатыны және ауруханаға түскен жағдайда екеуі де бірдей қызмет түрлерін ала алатындығы. Илеуметтік әділеттілік қағидасы деген осы", - деп атап айтты Вице-министр.

Брифинг соӊында Елжан Біртанов сарапшылардыӊ болжамы бойынша МИМС-ті енгізгеннен соӊ еліміздегі медициналық көмек көрсетудіӊ деӊгейі айтарлықтай өсетінін, сондай-ақ, дәрігерлердіӊ жалақысын арттыру мүмкіндігі пайда болатынын мәлімдеді. Ауруханалар жоғарғы санатты жабдықтар мен қымбат дәрі-дәрмектер ала алатын болады. МИМС адамға тексеруден өтуіне, қажет болған жағдайда өз қаржысын жұмсамай ем алуына мүмкіндік береді.

Естеріӊізге сала кетейік, "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" ҚР Заӊына сәйкес, азаматтарға медициналық қызметтіӊ 2 түрлі пакеті ұсынылады:

Біріншісі - республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық көмектіӊ мемлекет кепілдендірген көлемін ұсынатын базалық пакет. Ол Қазақстанныӊ барша азаматтары үшін қолжетімді болмақ. Пакеттіӊ құрамына жедел-жәрдем қызметі, санитарлық авиация, әлеуметтік мәні ауруларға, сондай-ақ төтенше жағдайларда, профилактикалық екпе кезінде көрсетілетін медициналық көмек кіреді.

2020 жылға дейін өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтыған тұрғындарға республикалық бюджеттіӊ есебінен амбулаторлық-дәрілік қамтамасыз етілетін амбулаторлық-емханалық көмек көрсету қарастырылған.

Екіншісі - жаӊадан құрылатын медициналық сақтандыру Қоры ұсынатын сақтандыру пакеті. Оған абулаторлық-емханалық көмек, стационарлық көмек (әлеуметтік мәні бар ауруларды есептемегенде), стационарлық көмекті алмастыратын көмек (әлеуметтік мәні бар ауруларды есептемегенде), қалпына келтіру емдік шаралары, медициналық реабилитация, паллиативтік көмек және мейірбикелік қарау мен жоғарғы технологиялық көмек кіреді.

Аталмыш пакетті алу құқығы әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушы ҚР азаматтарына, ҚР аумағында тұрақты өмір сүретін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға беріледі.

Жоғарыда аталған пакеттерге қосымша, ерікті сақтандыруға қатысқан азаматтар медициналық қызметтерді жеке сақтандыру компанияларымен жасаған келісімшарт негізінде алатын болады.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны