26.05.2008, 17:34 3136

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне еңбек заңнамасының бұзылуы жөнінде 4 мыңнан арыз келіп түсті

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне еңбек заңнамасының бұзылуы жөнінде 4 мыңнан арыз келіп түсті

Астана. 26 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жыл басынанбері еңбек заңнамасының бұзылуы жөнінде 4 мыңнан аса арыз келіп түсті. Бұл туралы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі туралы елдің шағын және орта бизнес кәсіпкерлеріне арналған жиналыста ведомство басшысы Бердібек Сапарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"4,5 айдың ішінде еңбек туралы заңнамасының бұзылуына қатысты төрт мың арыз келіп түсті, онда көбінесе еңбекақының, еңбек демалысына шығуға орай тиісті қаржының уақтылы төленбеуі көрсетілген", - деді Б. Сапарбаев.

"Біздің инспекторлар оны тексеріп, олардың басым бөлігі расталды. Кейбір деректер бойынша әкімшілік шаралар қолданылып, кейбір іс материалдары сот органдарына тапсырылды ", - деп хабарлады министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны