22.01.2013, 09:54 2951

ҚР ИжЖТМ Өнеркәсіп комитетінің жаңа төрағасы тағайындалды

Аталмыш министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ерлан Мұратов ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Өнеркәсіп комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Ол 2012 жылдың қараша айынан бастап бүгінге дейін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақтан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің өнеркәсіп, сервисті дамыту және жергілікті мазмұн мәселелері бойынша кеңесшісі болды.

Астана. 22-қаңтар. Kazakhstan Today - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитетіне жаңа төраға болып Ерлан Мұратов тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Аталмыш министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ерлан Мұратов ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Өнеркәсіп комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Ол 2012 жылдың қараша айынан бастап бүгінге дейін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақтан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің өнеркәсіп, сервисті дамыту және жергілікті мазмұн мәселелері бойынша кеңесшісі болды.

Ерлан Мұратов 1976 жылы туған. 1998 жылы Қазақтың Қ.Сәтбаев атындағы ұлттық техникалық университетін инженер-электрик мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2000 жылы "Теңізшевройл" ЖШС-нің бұрғылау бөлімінде аудармашы болып бастады. 2001 жылы Аджип ККО (ОКИОК) компаниясында Қашаған жобасы бойынша телекоммуникация бөлімінің операторы техникалық қызметін атқарды. Ал 2002 жылдың қаңтарынан бастап Францияда Шлюмберже компаниясының штаб-пәтерінде сервистік және техникалық жұмыстарды атқарушы инженер болып еңбек етті.

2002 жылдың наурыз айынан бастап Еуропа, ТМД, Африка өңірлері бойынша жедел әрекет етуші топқа кірді, әлемнің жиырмадан астам елінде сервистік және техникалық жобалардың жетекшісі болды.

2010 жылдың қараша айынан бастап ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің өнеркәсіп, жерді пайдалану, геологиялық барлау және қазақстандық мазмұн мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесшісі болып жұмыс істеді.

Ал 2012 маусым айында Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетіне мемлекеттік қызметке ауысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны