25.06.2015, 15:40 3597

ҚР Қарулы Күштерінде алғаш рет "Жас ұлан" әскери-спорттық ойыны басталды

"Оӊтүстік" өӊірлік қолбасшылығына қарасты 85395 әскери бөлімініӊ базасында "Жас ұлан" республикалық әскери-спорттық ойыны басталды.

Астана. 25 Маусым. Kazakhstan Today - "Оӊтүстік" өӊірлік қолбасшылығына қарасты 85395 әскери бөлімініӊ базасында "Жас ұлан" республикалық әскери-спорттық ойыны басталды. Шара биылғы жылы алғаш рет өткізіліп отыр. Ойынға Қазақстанныӊ 16 облысы мен Астана және Алматы қалаларынан 160-тан астам оқушы қатысады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Үздіктердіӊ ішінен топ жарғандарды анықтау үшін қатысушылар саптық және атыс даярлығы (пневматикалық винтовкадан оқ ату), АК-74-ті бөлшектеу және құрастыру, әскери-спорттық сайыстар, әскерилендірілген кросс, тартылу мен қолдыӊ бұлшық еттерін қатайту, жүзу және тарихи-өлкетану зерттеу жобасын қорғау бойынша сайысқа түседі. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Одан басқа, ойынға қатысушылар үшін 85395 әскери бөлімініӊ аумағын аралату бойынша экскурсия өткізеді, онда олар қару-жарақ пен әскери техниканы көреді, таулы-егерьлік полк және №1 мамандандырылған өрт бөліміне барып, "Айша-бибі" полигонында взводтардыӊ көрсетілімді жауынгерлік атыстарын тамашалайды.

Ойынға қатысушы командалар жарыстарда өздерініӊ жоғары кәсіби дайындықтарын көрсетіп жүргендерін мақтан тұтады. "Еліміздіӊ әскери қызметініӊ лайықты ізбасарлары өсіп келеді. Қатысушылар жан-жақты дамыған және дайындалған. Мұндай жарыстар жеткіншектерге өзініӊ әрі қарай тағдырын анықтауға және оны әскери қызметпен байланыстыруға көмектеседі. Ал өзге кәсіпті таӊдайтындар достық және командалық жұмыс сабағын алады", - деп 85395 ә/б әскери қызметшілері атап өтті.

"Жас ұлан" республикалық әскери-спорттық ойыны 26 маусымда аяқталатынын атап өткен жөн.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны