29.12.2015, 20:21 4390

ҚР Қарулы Күштерініӊ жауынгерлік әлеуеті бір жарым есеге ұлғайды

2015 жылы Қазақстанныӊ Қарулы Күштерінде қабылданған барлық шаралар олардыӊ жауынгерлік әлеуетін 1,5 есеге ұлғайтуға мүмкіндік берді. Осы жылы жұмыс 6 негізгі бағыт, яғни, жауынгерлік, жедел және жұмылдыру даярлығы, қорғаныс-өнеркәсібі кешенін дамыту, әскери инфрақұрылымныӊ құрылысы, әскери білім беру жүйесін жетілдіру, халықаралық ынтымақтастық, ҚР ҚК-дегі идеологиялық жұмыс бойынша жүргізілді

Астана. 29 желтоқсан. Kazakhstan Today - 2015 жылы Қазақстанныӊ Қарулы Күштерінде қабылданған барлық шаралар олардыӊ жауынгерлік әлеуетін 1,5 есеге ұлғайтуға мүмкіндік берді. Осы жылы жұмыс 6 негізгі бағыт, яғни, жауынгерлік, жедел және жұмылдыру даярлығы, қорғаныс-өнеркәсібі кешенін дамыту, әскери инфрақұрылымныӊ құрылысы, әскери білім беру жүйесін жетілдіру, халықаралық ынтымақтастық, ҚР ҚК-дегі идеологиялық жұмыс бойынша жүргізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

2015 жылы ҚР Қарулы Күштерінде 170-тен аса жоспарлы тексеріс өткізілді. Оныӊ ішінде: 71-і Құрлық әскерлерінде, 17-сі Иуе қорғанысы күштерінде, 1-еуі Искери-теӊіз күштерінде, 85-і өзгелерде өткізілді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Келісімшарт негізіндегі әскери қызметшілер мен мерзімді сарбаздар саныныӊ арасалмағы өзгерді. Бүгінгі таӊда армияныӊ 80% келісімшарт бойынша әскери қызметшілер мен 20% мерзімді қызметтегі сарбаздардан құралған.

Елеулі өзгерістер әскери білім беру саласын да қамтыды. Биылғы жылы әскери кафедраларда жаӊа ережелер енгізілді және 26 мамандық бойынша қыз балаларды іріктеу жүргізілуде, барлық оқу орындарына қабылдау бойынша жаӊа қағидалар бекітілді, жаӊа психологиялық тестілер енгізілді. Одан басқа, әскери білім берудіӊ ерекшеліктерін ескере отырып, кредиттік технология бойынша оқытуға көшіру жүзеге асырылды. Бұл үйренушілер үшін әскери тағылымдаманыӊ көлемін 2,5 есеге арттыра түседі.

Қазақстан Республикасыныӊ ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі өзгеріс те маӊызды болып табылады. Кибершабуылдарға душар етуге қиын болып келетін техникалық қамтамасыз етудіӊ анағұрлым күрделі жүйесі енгізілуде. Сондай-ақ кадрларды даярлаудыӊ тұтастай әрі тиімді жүйесі құрылуда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны