22.08.2018, 19:58 3903

ҚР Кәсіподақтар федерациясы "Алакөл-2018"жазғы кәсіподақ лагерін өткізді

Шығыс Қазақстан облысында "Алакөл" курорттық аймағында республикалық бастауыш кәсіподақ ұйымдарыныӊ "Алакөл-2018" жазғы кәсіподақлагері" форумы ашылды.

Астана. 22 тамыз. Kazakhstan Today - 16 тамызда Шығыс Қазақстан облысында "Алакөл" курорттық аймағында республикалық бастауыш кәсіподақ ұйымдарыныӊ "Алакөл-2018" жазғы кәсіподақлагері" форумы ашылды.

Ағымдағы жылы ҚРКФ бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен өзара байланысқанегізделген бірқатар ірі ұйымдастырушылық-тәжірибелік іс-шаралар өткізді. "Алакөл-2018" жазғы кәсіподақлагері Федерацияныӊ кәсіподақ жүйесі үшін осы жаздыӊ басты оқиғаларыныӊ бірі болды.

Жазғы лагерьде кәсіподақ қозғалысыныӊ 100-ден астам белсендісіарнайы оқудан өтті.Олардыӊ ішінде, жаӊадан құрылған "SENIM" денсаулық сақтау қызметкерлерініӊ салалық кәсіподағыныӊ, білім және ғылым қызметкерлерініӊ салалық кәсіподағыныӊ, мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерініӊ салалық кәсіподағыныӊ мүшелері болды.

Жазғы лагерь аясында ҚРКФ Төрағасыныӊ орынбасары Ерлан Сайыров, "SENIM" денсаулық сақтау қызметкерлерініӊ салалық кәсіподақ төрағасы Сапарбек Дүйсенов, Шығыс Қазақстан облысыкәсіподақтар орталығыныӊ төрағасы Мейрхан Түлеубаевқатысушылар алдында сөз сөйледі.

Ерлан Сайыров өз сөзінде ҚРКФ Қазақстандағы кәсіподақ ұйымдарыныӊ жұмыс сапасын жан-жақты дамытуды және жақсартуды көздейтінін жеткізді. "Кәсіподақтар қызметкерлері белсенді және жан-жақты білікті мамандар болуы тиіс. Белсенді ақпараттық жұмыс - кәсіподақтар қызметініӊ маӊызды бөлігі. Шынында ол - маӊыздылығы жағынан кәсіподақ жұмысыныӊ дәстүрлі бағыттарына теӊ келетін, жарғылық міндеттерді шешудіӊ ажырамайтын бөлігі. Ақпараттық жұмыс кәсіподақ мүшесінекәсіподаққа мүшелікке саналы көзқарасқа ие болуы үшін қажетті толыққанды мәлімет беруі тиіс"- деп атап өтті ҚР Кәсіподақтар федерациясы Төрағасыныӊ орынбасары.

Атқарушы билік өкілдерінен Шығыс Қазақстан облысы әкімініӊ орынбасары Исем Нүсіпова, Мемлекеттік еӊбек инспекциясы басқармасыныӊ басшысы Бақытбек Қизатов сөз сөйледі.

Исем Нүсіпова атап өткендей: "Кәсіподақтар әлеуметтік-еӊбек қатынастарын шешудіӊ маӊызды буыны болып табылады. Жұмысшылардыӊ әл-ауқаты мен әлеуеті, олардыӊ әлеуметтік кепілі мен құқығыныӊ қорғалуы тек кәсіподақтардыӊ белсенділігіне байланысты".

Қолданбалы ғылым секторыныӊ өкілдері қатысушылармен өз тәжірибелерімен бөлісті: PhD доктор, ҚАЗГЗУ доценті, Academy of labour relations ЖШС Бас директоры Бибігүл Нұрашева және т.б.

"Алакөл-2018" жазғы лагері аясында тақырыптық тренингтер өтті, тимбилдинг және т.б. шаралар ұйымдастырылды.

2018 жылдыӊ басынан Кәсіподақтар федерациясы бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен өзара байланысқа және жұмыс жүргізуге баса назар аударуда. Себебі, кәсіподақтар қозғалысыныӊ және жұмыс топтарыныӊ мәселелері мен сұраныстарыныӊ барлық спектрі бастауыш кәсіподақ ұйымдарында шоғырланған.

Осы жылдыӊ өткен кезеӊінде ҚРКФ басшылығы Федерация қызметініӊ жаӊа саясаты мен Жол картасыныӊ негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында еліміздіӊ барлық аумақтарына жұмыс сапарымен барды. 2018 жылғы қаӊтар-шілде айларыныӊ аралығында бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен 139 кездесу өтті, соныӊ ішінде ҚРКФ басшылығы 24 кездесу, АКБ 115 кездесу өткізді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны