03.07.2015, 12:46 3429

ҚР ҚК әскери қызметші қыз-келіншектері Елорда күніне орай астаналықтарға арнап сыйлық әзірледі

Елорда күні қарсаӊында ҚР Қарулы Күштерініӊ әскери қызметшілері Астана тұрғындары мен қонақтары үшін ерекше құттықтауға дайындық үстінде. Ағымдағы жылдыӊ 4 шілдесінде сағат 12.00-де "Хан шатыр" СОО "Батыр арулар" байқауыныӊ жеӊімпаздары қатысатын мерекелік құттықтау акциясы өтеді

Астана. 03 Шілде. Kazakhstan Today - Елорда күні қарсаӊында ҚР Қарулы Күштерініӊ әскери қызметшілері Астана тұрғындары мен қонақтары үшін ерекше құттықтауға дайындық үстінде. Ағымдағы жылдыӊ 4 шілдесінде сағат 12.00-де "Хан шатыр" СОО "Батыр арулар" байқауыныӊ жеӊімпаздары қатысатын мерекелік құттықтау акциясы өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Астаналықтар үшін жағымды тосын сый мерекелік сияпат ретінде жасалмақ. Байқаудыӊ жеӊімпаздары Астана қаласыныӊ қонақтары мен тұрғындарына арнап өз қолдарымен әзірген әскери техникалар, оныӊ ішінде танктер, қарулар, гранаттар және әскери атрибуттар бейнеленген тәтті бәліштер әзірлеп, барлығын Елорда күнімен құттықтайды. Осы орайда барлығы 1998 бәліш әзірленеді, бұл елорданыӊ атын ауыстырған жылды білдіреді. Аталған акция барлық бәліштер бір ағашқа сурет ретінде мозаика үлгісімен қойылып, құрастырылуы арқылы елорданыӊ символын көрсетумен ерекшеленеді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Бұдан өзге ҚР Қорғаныс министрлігі Орталық әскери ансамблініӊ әншілері елорда қонақтары мен тұрғындары үшін концерттік бағдарлама ұйымдастыратын болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны