01.09.2015, 17:51 4329

ҚР ҚК әскери қызметшілері мұқтаж отбасыларға балаларды мектепке дайындауға көмектесті

Қазақстан Қарулы Күштерініӊ әскери қызметшілері аз қамтылған отбасылардыӊ балаларын, сондай-ақ ата-анасыныӊ қарауынсыз қалған жетім балаларды жаӊа оқу жылына дайындауға жәрдемдесті

Астана. 1 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан Қарулы Күштерініӊ әскери қызметшілері аз қамтылған отбасылардыӊ балаларын, сондай-ақ ата-анасыныӊ қарауынсыз қалған жетім балаларды жаӊа оқу жылына дайындауға жәрдемдесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Олар отбасыныӊ материалдық жағдайына қарамастан, әр бала 1 қыркүйек күні мектеп баруға, оқуға және білім алуға мүмкіндігі болуы керек екенін атап өтіп, мектеп рюкзактарын, кеӊсе керек-жарақтарын, мектеп үлгісіндегі киім нысаны мен аяқ киім сатып алды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

"Маған жаӊа рюкзак, мектеп үлгісіндегі киім нысанын, дәптер, қалам, қарындаш сыйға тартты. Енді мен мектептегі алғашқы оқу күнін және достарыммен қауышуды тағатсыздана күтудемін", - деді Алматы облысыныӊ Қорғаныс істері жөніндегі департаментініӊ қамқорлығындағы балалардыӊ бірі Талдықорған қаласыныӊ №3 орта мектеп-интернатыныӊ оқушысы Санжар Жүнісов.

Мұндай көмекті әскери қызметшілер елімізде сегіз жылдан бері өтіп жүрген "Мектепке бастар жол" атты республикалық қайырымдылық акциясы аясында көрсетуде. Жыл сайын олар материалдық қолдауға зәру еліміздіӊ әр өӊіріндегі көптеген балалар мен жанұяларды қамтуға тырысуда.

Қазақстандық армияныӊ әскери қызметшілері ұдайы негізде мұқтаж қазақстандықтарға қолұшын созып жүргенін атап өтейік. Еліміздіӊ әр әскери бөлімі бойынша әскерилер шефтік көмек көрсетіп жүрген Ұлы Отан соғысыныӊ ардагерлері мен балалар үйініӊ тәрбиеленушілері бекітілген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны