03.06.2015, 18:29 3975

ҚР ҚК әскери қызметшілерін әскери ынтымақтастықты дамытудағы үлестері үшін көтермеледі

ТМД қатысушы елдері әуе шабуылына қарсы қорғаныс біріккен жүйесін дамытуға белсенді қатысқаны және көпжақты әскери ынтымақтастықты дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін ТМД қатысушы мемлекеттер Қарулы Күштерініӊ бірқатар әскери қызметшілерін көтермеледі

Астана. 03 Маусым. Kazakhstan Today - ТМД қатысушы елдері әуе шабуылына қарсы қорғаныс біріккен жүйесін дамытуға белсенді қатысқаны және көпжақты әскери ынтымақтастықты дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін ТМД қатысушы мемлекеттер Қарулы Күштерініӊ бірқатар әскери қызметшілерін көтермеледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ерекшеленгендердіӊ ішінде қазақстандық армияныӊ өкілдері бар. Сонымен, "Искери ынтымақтастықты нығайтқаны үшін" ТМД қатысушы мемлекеттер қорғаныс министрлері кеӊесініӊ белгісімен ҚР ҚК Иуе қорғанысы күштерініӊ бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Нұрлан Орманбетов, ҚР ҚК БШ Орталық командалық пунктініӊ бөлім бастығы полковник Талант Мәулетов марапатталды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Сонымен қатар, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы қатысушы мемлекеттер қорғаныс министрлері кеӊесініӊ грамотасымен ҚР ҚК ИҚК бас қолбасшысыныӊ бірінші орынбасары - бас штаб бастығы генерал-майор Марат Уашпаев марапатталды.

Одан басқа, әскер тектерініӊ бастығы - ҚР ҚК ИҚК 25750 ә/б бөлім бастығы полковник Темірболат Көшербаевқа алғыс жарияланды.

Қарулы Күштердіӊ әскери қызметшілерін көтермелеу Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы қатысушы мемлекеттердіӊ әуе шабуылына қарсы қорғаныс біріккен жүйесініӊ 20 жылдығына орай болғанын айта кеткен жөн.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны