12.10.2015, 17:54 3756

ҚР ҚК құрамасы VI Дүниежүзілік армия ойындарыныӊ мықты командаларыныӊ бірі болып танылды

Оӊтүстік Кореяныӊ Мунгён қаласында VI Бүкіләлемдік армия ойындары аяқталды. Сайыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерініӊ құрамасы 130 қатысушы елдіӊ арасынан 12-орынды иеленіп, армия ойындарыныӊ мықты командаларыныӊ қатарына кірді

Астана. 12 Қазан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Кореяныӊ Мунгён қаласында VI Бүкіләлемдік армия ойындары аяқталды. Сайыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерініӊ құрамасы 130 қатысушы елдіӊ арасынан 12-орынды иеленіп, армия ойындарыныӊ мықты командаларыныӊ қатарына кірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жалпы есеппен алғанда командамыздыӊ қоржынында 13 медаль, яғни, 4 алтын, 3 күміс және 6 қола медаль бар. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Жоғары дәрежедегі марапаттарды елімізге 64 келі салмақта өнер көрсеткен былғары қолғап шеберлері қатардағы жауынгер Елдос Сарқұлов пен 69 келіге дейінгі салмақтағы АОСК-ныӊ қызметкері Асланбек Шымбергенов, таэквондошы қатардағы жауынгер Нұрсұлтан Мамаев пен еркін стильдегі балуан АОСК-ныӊ қызметкері Мейрамбек Айнағұлов әкелді.

Күміс медальдарын 57 келіге дейінгі салмақта ҚР спорт шебері, еркін күрестен әлем чемпионаттарыныӊ жүлдегері АОСК-ныӊ қызметкері Владимир Кудрин, арқамен 100 метр қашықтыққа жүзуде кіші сержант Александр Тарабрин және 91 келіге дейінгі салмақтағы былғары қолғап шебері АОСК-ныӊ қызметкері Кәмшібек Күнкабаев қанжығаларына байлады.

Армия ойындарында қола медальді 74 келіге дейінгі салмақта еркін стильдегі балуандар әлем чемпионы кіші сержант Ғалымжан Үсербаев, 65 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионатыныӊ жүлдегері ефрейтор Азамат Шағапұлы, 61 келі салмақта Қазақстанныӊ чемпионы, әскери қызметшілер арасындағы 2014 жылғы әлем чемпионатыныӊ күміс жүлдегері ефрейтор Елдос Ибікенов, кіші сержант Иділет Даулымбаев, сондай-ақ 49 келі салмақта АОСК-ныӊ боксшылары, қызметкерлері Жомарт Ержан пен 60 келіге дейінгі салмақта Жақсылық Ілиясов жеӊіп алды.

VI Дүниежүзілік армия ойындары қазанныӊ 1-і мен 11-і аралығында Армия спортыныӊ Дүниежүзілік Кеӊесі (CISM) шеӊберінде өткенін естеріӊізге сала кетейік. Ол 4 жылда бір рет өткізіледі және ауқымы бойынша Олимпиялық ойындармен салыстыруға болады. Биылғы жылы әлемніӊ 130 елінен бас қосқан 8 500 спортшы ойынға қатысты. Еліміздіӊ намысын ҚР ҚК Бас штабы бастығыныӊ орынбасары генерал-майор Мұқан Дүйсекеевтіӊ басшылық етуімен Армия орталық спорт клубыныӊ 58 спортшысынан құралған Қарулы Күштердіӊ құрамасы қорғады. Спортшылар спорттыӊ 11 түрінен өнер көрсетті. Атап айтсақ, еркін және грек-рим күресі, спорттық бағдарлау, дзюдо, жүзу, оқ ату, заманауи бессайыс, әскери бессайыс, таэквондо, жеӊіл атлетика және бокс.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны