11.08.2015, 13:09 3702

ҚР ҚК жас офицерлері іс жүзінде өздерініӊ білімдерін қолдануға дайындалуда

"Астана" өӊірлік қолбасшылығына қарасты 31775 әскери бөлімінде осы жылы Алматы қаласындағы жоғары әскери оқу орындарын тәмамдаған жас лейтенанттардыӊ он күндік оқу-әдістемелік жиындары басталды

Астана. 11 Тамыз. Kazakhstan Today - "Астана" өӊірлік қолбасшылығына қарасты 31775 әскери бөлімінде осы жылы Алматы қаласындағы жоғары әскери оқу орындарын тәмамдаған жас лейтенанттардыӊ он күндік оқу-әдістемелік жиындары басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жиынныӊ басты мақсаты жас командирлердіӊ әскери қызметке бейімделуі, қажетті жауынгерлік дағды алу және оқу орындарында алған білімдерін қолдану болып табылады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Бұл жиынға 15 жас лейтенант қатысады. Белгіленген тәртіпте жиынныӊ шымылдығын "Астана" ӨӊҚ әскерлері қолбасшысыныӊ тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Ермиян Бятов ашты.

Жиын шеӊберінде көрсетілімді-әдістемелік сабақтар, сондай-ақ әлеуметтік-құқықтық, жауынгерлік және штабтық дайындық, семинарлар, дәрістер, әдістемелік-нұсқаулық, көрсетілімді және оқу сабақтары өтеді.

Одан басқа, "Спасск" оқу-жаттығу орталығыныӊ полигонында әскери қызметшілер оқ атуда жоғары нәтижелер көрсетті. Жиын ағымдағы жылғы 19 тамызға дейін созылатынын атап өткен жөн.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны