29.01.2016, 19:14 4851

ҚР ҚК-ніӊ әскери қызметшілері болашақ журналистерді соғыста жұмыс жасауға дайындауда

Бүгін, 29 қаӊтарда Астанада ҚР Қорғаныс министрлігініӊ мұрындық болуымен экстремалды журналистика бойынша "Искери дискурс" практикалық семинары басталды. Еӊ қызығы қатысушылар ретінде семинарға қатысуға алғаш рет Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде білім алып жүрген болашақ журналистер мен саясаттанушылар шақырылды

Астана. 29 қаӊтар. Kazakhstan Today - Бүгін, 29 қаӊтарда Астанада ҚР Қорғаныс министрлігініӊ мұрындық болуымен экстремалды журналистика бойынша "Искери дискурс" практикалық семинары басталды. Еӊ қызығы қатысушылар ретінде семинарға қатысуға алғаш рет Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде білім алып жүрген болашақ журналистер мен саясаттанушылар шақырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Үш күн ішінде ҚР Қарулы Күштерініӊ тәжірибелі әскери нұсқаушылары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ өкілдері, алдыӊғы "Искери дискурс" семинарларыныӊ қатысушылары бозбалалар мен бойжеткендерге қарулы қақтығыс аймағында журналистіӊ жұмыс жасау негіздерін үйретуге тырысып бағады. Олар әскери іс-қимыл ошағында жұмыс жасай отырып, өмірді қалай сақтап қалуға болатынын және сапалы журналистік материал жасау, жеке деректерді қалай қорғау және экстремалды жағдайларда журналиске не істеу керек екенін айтып, көрсетіп береді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

"Жастардыӊ көӊіл-күйі керемет, көздері жалындап тұр. Олардыӊ біршамасы журналистикадағы бағыт-бағдарды әлі айқындаған жоқ. Алайда, әскери журналистика олар үшін өте қызықты екені даусыз. Кейбір жастардыӊ қазақстандық баспа басылымдарында әскери тақырыпта қалам тербеп, журналистік материалда жазуда тәжірибелері де бар. Біздіӊ міндетіміз - базалық негіз беру, болашақ журналистіӊ нені білуі тиіс, қандай қиындыққа душар болады, оны не күтеді екенін түсіндіру", - деп айтты "Искери дискурс" семинарыныӊ бас нұсқаушысы майор Рустам Эюбов.

Семинар дәріс, практикалық сабақтар және кәсіби тапсырмалар форматында бірнеше жерде өтеді.

Бейбіт жағдайда ғана емес, сонымен бірге соғыс жағдайында да өзініӊ кәсіпқойлық міндеті бойынша болашақ журналистер үшін аталмыш семинар кәсіби тұрғыда даму және өсу үшін тамаша мүмкіндік. Исіресе, "Искери дискурс" практикалық семинары жоғары оқу орнын тәмамдағаннан кейін әскери журналистикада жұмыс жасауға бел байлағандар үшін пайдалы болып табылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны