11.02.2016, 18:24 3163

ҚР ҚК-ніӊ үйретуші нұсқаушылары атпен дайындауды бастады

Қарулы Күштерде әскери қызметшілермен қатар жануарлар да Отанды қорғап жүр. Кинологиялық бөлімшелер құрамында қарауыл, нарко-іздестіру және іздестіру қызметіне тартылған қызметтік иттерден басқа ҚР Құрлық әскерлерініӊ қызметінде жылқылар үлкен рөл атқарып отыр

Астана. 11 ақпан. Kazakhstan Today - Қарулы Күштерде әскери қызметшілермен қатар жануарлар да Отанды қорғап жүр. Кинологиялық бөлімшелер құрамында қарауыл, нарко-іздестіру және іздестіру қызметіне тартылған қызметтік иттерден басқа ҚР Құрлық әскерлерініӊ қызметінде жылқылар үлкен рөл атқарып отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

91678 әскери бөлімінде Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге бүкіл ТМД-дағы бірден-бір таулы-қорықтық ротада жыл сайынғы атпен дайындау басталды. Бөлім әскери қызметшілері санынан құралған жаттықтырушы нұсқаушылар тұлпарлармен жауынгерлік даярлық бойынша жоспарлы сабақтар өткізеді. Армияда жылқыларды пайдалану таулы жерлерде бөлімшелердіӊ орналасуымен байланысты. Олар техника үшін қолжетімсіз жүріп өтілген жерде, тайыз соқпақ жолдарда, жаралыларды шығару, жеке құрамныӊ жедел қозғалуын және өзге де тапсырмаларды орындау үшін бөлімшелердіӊ іс-қимылдарын ұстап тұру кезінде жүктер мен оқ-дәрілерді тасымалдау үшін белсенді түрде қолданылады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Искери қызметшілер жаӊадан келгендерді атқа мінуге, жауынгерлік тапсырмаларды орындауға, атқа мінудіӊ негіздерін үйретеді. Үйрету барысында жылқылар кедергілер жолағын еӊсереді, күрделі таулы жерде жеке құрамды тасымалдайды. Сондай-ақ оларға автоматтан шығатын қатты дыбыстарға үйренісу қажет. Жауынгерлік даярлық әртүрлі полигондарда өткізіледі. Алыс қашықтықтарға жылқыларды пойызбен тасымалдайды. Жердіӊ географиялық ерекшеліктері мен жылдыӊ мезгіліне қарамастан, аттар берілген тапсырманы орындайды.

Атқа міну дайындығы міндетті пән болып табылады. Ал полигондарда жылқылармен жұмыс жасау жоспарға байланысты айына бірнеше рет өтеді.

"Сәйгүліктерді өзіміз тамақтандырамыз. Сұлы, кебек, бидай сияқты азық жемді жылқылар нормаға сәйкес күн сайын алып тұрады. Сонымен қатар дәрумендер береміз. Жануарларды ат қораныӊ жеке қораларында ұстайды. Ротаға жылқылар үш жасында келеді, ал олардыӊ қызмет ету мерзімі 5 жылды құрайды", - дейді таулы-қорықтық ротасыныӊ командирі аға лейтенант Бек Қамбарбекұлы.

Рота жанында жылқылардыӊ денсаулығын қадағалап отыратын ветеринарлық пункт қызмет атқарады. Рота құрамында барлығы 52 жүйрік бар. Ирқайсысы бір-бір әскери қызметшіге бекітілген және өзініӊ мүкәммалдық нөмірі бар.

Таулы-қорықтық ротадағы негізгі қызметтен басқа сәйгүліктердіӊ өзге де "мәдени" өмірі бар. Сонымен, 2015 жылы Таразда өткен Қазақ хандығыныӊ 550 жылдығын мерекелеуге қатысты. Түсірілімі Жаркент пен Қапшағайда өткен "Қазақ елі" фильмініӊ кейіпкерлері болды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны