31.03.2008, 17:59 7199

ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Ташкент - Қорғас тас жолын тартатын мердігерді анықтау үшін тендер өткізбекші

ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Ташкент - Қорғас тас жолын тартатын мердігерді анықтау үшін тендер өткізбекші

Астана. 31 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Ташкент - Қорғас тас жолын тартатын мердігерді анықтау үшін тендер өткізбекші, деп хабарлайды агенттік ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Жаңа жобалардың ішіндегі ең ірісі - "Ташкент - Шымкент - Тараз - Алматы - Қорғас" бағытындағы 593-806 шықырымдық автожол. Мердігерді анықтау мақсатындағы тендер 2008 жылғы 21 сәуірде өткізіледі".

Министрліктің хабарлауынша, бүгін ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің аппараттық мәжілісінде Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Замир Сағынов баяндама жасады. Өз баяндамасында ол автожолдарды құрылыс маусымына дайындау кезеңіне жан-жақты тоқталды.

Автомобиль жолдары комитеті бойынша 2008 жылғы республикалық бюджеттен жол жөндеу жұмыстарына 103,6 млрд. теңге қарастырылды. Соның ішінде, республикалық маңызы бар автожолдарды жөндеуге 81,9 млрд. теңге қарастырылған (құрылыс және қайта салу жұмыстарына - 61,5 млрд. теңге, жолдарды жөндеу жұмыстары мен күтіп ұстауға - 20,4 млрд. теңге).

2008 жылы 13 нысанда жұмыстар жүргізу жоспарланып отыр. Оның 9-ы өтпелі жобалар - "Астана-Щучье", "Щучье-Көкшетау", "Самара-Шымкент", "Астана-Қостанай-Челябі", "Шоңжа-Көлжат", "Таскескен-Бақты", "Омбы-Майқапшағай", "Астана қаласының оңтүстік айналма жолы", "Қарабатан-Бейнеу". Ал, 4-і жаңа жоба - "Астана-Қостанай-Челябі"; "Таскескен-Бақты"; "Шоңжа кентінің айналма жолы"; "Ташкент-Шымкент-Тараз-Алматы-Қорғас".

"Аталған жобалардың ішіндегісі ең ірісі - "Астана-Щучье" автожолын қайта салу жобасы. Бүгінгі таңда, битум мен цементті қоспағанда, бөлінген 13 млрд. теңгеге инертті материалдар толық дайындалған. "Астана - Қостанай - Челябі" автожолы бойынша биыл 81 километр жолды пайдалануға беру жоспарланып отыр. Ал, "Омбы - Майқапшағай" автожолы бойынша жалпы ұзақтығы 37 км болатын екі учаскені пайдалануға беру көзделуде. "Атырау - Ақтау" автожолы бойынша биыл 333 км жолды жұмыстарды бітіру және учаскені пайдалануға беру жоспарланып отыр",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Министрлік ақпаратына сәйкес, 2008 жылы республикалық маңызы бар автомобиль жолдары мен көпірлерді күрделі жөндеуден өткізу үшін 6 млрд. 300 млн. теңге бөлінген. 23 нысанда, соның ішінде былтырғы жылы басталған 12 нысанда жұмыстарды жүргізіп, 79 км автожол мен 7 көпірді күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда.

2008 жылы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 7 129 млн. теңге бөлінген. Осы бөлінген қаражатқа 1471 км жол, 6 көпір және 4 құбыр жөндеуден өтеді. Жұмыс кестесіне сәйкес, сәуір айынан бастап техникаларды жинақтау және жол-құрылыс материалдарын дайындау жүзеге асырылады.

2008 жылы республикалық бюджеттен бөлінетін арнаулы трансферттермен облыстық және аудандық маңызы бар жолдарға 20,9 млрд. теңге қарастырылған. Соның есебінен облыстық және аудандық маңызы бар автожол желілерінің 621 шақырымы жөндеу жұмыстарымен қамтылады. Қазіргі уақытта тендерлер өтуде, кейбір лоттар бойынша мердігерлер анықталды.

"Қазіргі уақытта республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттер есебінен қаржыландырылған құрылыс, қайта салу және күрделі жөндеу нысандарына "Облжолзертхана" мемлекеттік мекемелері, Автомобиль жолдары комитетінің облыстық департаменттері, облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармалары өкілдерінің барып қайту кестесі бекітілді",- делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны