04.02.2015, 14:33 3799

ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов қаза тапқан Су-27 ұшағы экипажыныӊ отбасына пәтер кілттерін табыс етті

Бүгін ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов 2014 жылғы 23 қыркүйекте Алматы облысы Жаӊалық аулыныӊ маӊайында авиациялық апатқа ұшыраған Су-27 ұшағы қаза тапқан экипажыныӊ жесірлеріне пәтер кілттерін табыс етті

Астана. 4 ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов 2014 жылғы 23 қыркүйекте Алматы облысы Жаӊалық аулыныӊ маӊайында авиациялық апатқа ұшыраған Су-27 ұшағы қаза тапқан экипажыныӊ жесірлеріне пәтер кілттерін табыс етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мағрипа Сарқынова мен Любовь Горбуноваға Ақмола өӊірлік гарнизоны тұрғын үй комиссиясыныӊ шешімімен екі және үш бөлмелі пәтерлер берілді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

"Біз бейбіт тұрғындарды аман сақтап қалу үшін өз өмірлерін қиып, нағыз ерлік жасаған офицерлерді құрметпен еске аламыз. Олардыӊ есімдері осы ерліктеріне риза болған миллиондаған қазақстандықтардыӊ жүрегінде мәӊгіге сақталып қалатын болады", - деді ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов.

"Біз бізге көӊіл бөліп, пәтер беріп отырған Қорғаныс министрлігіне ризамыз, балаларымыздыӊ болашағы бар", - дейді подполковник Денис Горбуновтыӊ артында қалған жұбайы Любовь Алексеевна.

Естеріӊізге сала кетейік, 2014 жылғы қыркүйекте Алматы облысында оқу-жаттығу ұшулары кезінде Су-27 әскери ұшағы құлаған болатын. Подполковник Ерлан Науанов пен подполковник Денис Горбуновтан тұратын ұшақ экипажы ұшақты елді мекеннен аулаққа алып кету үшін қолдан келгенніӊ бәрін жасады.

2014 жылғы желтоқсан айында Мемлекет басшысыныӊ Жарлығымен жауынгерлік және қызметтік борыштарын орындау кезінде көрсеткен жанқиярлық ерлігі үшін подполковник Ерлан Науанов пен подполковник Денис Горбунов қаза тапққаннан кейін ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен наградталған болатын. Наградаларды ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовтіӊ қолынан офицерлердіӊ аналары - Риза Бекенқызы мен Татьяна Александровна алды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны