17.06.2016, 18:56 8374

ҚР Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз етудіӊ жаӊа құрылымын ұсынады

Бүгінгі күні ҚР Қорғаныс министрлігініӊ балансында 19,7 мыӊ пәтер бар. Искери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз етудіӊ қажеттілігі еліміздіӊ барлық өӊірлерінде жалпы көлемі 1 119 мыӊ шаршы метр 20,5 мыӊ пәтерді құрайды. Олардыӊ ішінде Астана, Алматы қалалары үшін қажетті тұрғын үйдіӊ жалпы көлемі 509,4 мыӊ шаршы метр 9,4 мыӊ пәтерді құрап отыр

Астана. 17 маусым. Kazakhstan Today - Бүгінгі күні ҚР Қорғаныс министрлігініӊ балансында 19,7 мыӊ пәтер бар. Искери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз етудіӊ қажеттілігі еліміздіӊ барлық өӊірлерінде жалпы көлемі 1 119 мыӊ шаршы метр 20,5 мыӊ пәтерді құрайды. Олардыӊ ішінде Астана, Алматы қалалары үшін қажетті тұрғын үйдіӊ жалпы көлемі 509,4 мыӊ шаршы метр 9,4 мыӊ пәтерді құрап отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазіргі уақытта әскери қызметшілерге жыл сайын тұрғын үйді жалға алғаны үшін компенсация төленеді. Осы мақсатта республикалық бюджеттен жылда қаражат бөлінеді. Бұл қаражат жылдан жылға артып келеді. Айта кетсек, Қазақстан Республикасыныӊ Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерге тұрғын үйді жалға алғаны үшін 2014 жылы 12,3 млрд. теӊге төлесе, ал 2015 және 2016 жылдары 16,7 және 22,8 млрд. теӊге төлеуі керек. Осылайша, үш жыл ішінде қайтарусыз 50 млрд. теӊге жаратылды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Аталған норма енгізілген сәттен бастап келісімшарт бойынша әскери қызметшілер бюджеттік қаражат есебінен жеке жалға берушілерден тұрғын үйді жалға алып тұрады.

Сонымен қатар, мемлекет те, әскери қызметші де кеткен шығындардыӊ орнына жеке меншік пәтер ала алмайды. Демек, әскери қызметшілерге тұрғын үйді жалға алу үшін төленетін компенсация олардыӊ тұрғын үй мәселесін толығымен шешіп бере алмайды. Аталған мәселе барлық әскери қызметшілерді қамтамасыз ету үшін жеткілікті қызметтік тұрғын үй қорыныӊ болмауынан орын алып отыр.

Келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге дербес тұрғын үй қызметтік тұрғын үй қорын толықтыру мақсатында, тиісті жалға алу шарты бойынша, әрі қарай сатып алу құқығымен қоса Қорғаныс министрлігініӊ жеке меншігінен берілетін болады.

Дербес жалға алынған тұрғын үй 2013 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап еӊбек сіӊірген жылы 10 жылдан кем немесе 2013 жылдан кейін әскери қызметке алғаш келіп түскен Қарулы Күштердіӊ әскери қызметшілеріне берілетін болады. Қорғаныс министрлігініӊ дербес жалға алған үйі үшін жалдау ақысын төлеу әскери қызметшініӊ тұрғын үйді жалға алу (жалдау) үшін төленетін компенсациясында қарастырылған қаражат есебінен тұтас операторға төлеу арқылы жүргізіледі.

Бұл құрылым бірте-бірте енгізілетін болады. Искери қызметшіні қызметтік немесе дербес жалға алған тұрғын үймен қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған жағдайда әскери қызметтегілерге тұрғын үйді жалға алғаны үшін компенсация төлеуін тоқтатпайды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны