19.05.2009, 15:45 2839

ҚР Мәдениет министрлігіне есірткіге қарсы насихатқа үш жылда 637 млн теңге бөлінеді - ІІМ

ҚР Мәдениет министрлігіне есірткіге қарсы насихатқа үш жылда 637 млн теңге бөлінеді - ІІМ

Астана. 19 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне есірткіге қарсы насихатқа үш жылда 637 млн теңге бөлінеді. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында ҚР ішкі істер министрі Серік Баймағанбетов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"2009-2011 жылдарға арналған есірткі саудасымен күрес бағдарламасының жобасында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің есірткіге қарсы насихатты жоғары деңгейде ұйымдастыру жөніндегі ұсынысы ескерілген. Ол есірткіге қарсы бейне және аудиороликтерді, деректі және көркем фильмдерді тарату арқыолы халықтың түрлі топтарына арналатын болады. Бұл мақсатқа үш жылда 637 млн теңге бөлінеді. Қазақстанда бүгінде мұндай жұмыс мүлдем дерлік жүргізілмейді", - деді С. Баймағанбетов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны