24.11.2006, 18:22 3405

ҚР мемлекеттік авиация орталығы құрылады

АСТАНА. 24 қараша . Kazakhstan Today. ҚР премьер министрі Даниал Ахметов шаруашылық жүргізу құқығының негзінде "Мемлекеттік авиациялық орталық" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы үкімет қаулысына қол қойды, деп хабарлайды ҚР үкіметінің баспасөз қызметі.

Құжатқа сәйкес, жаңа кәсіпорынның басты мақсаты - білім саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметін атқару. Яғни мекеме республиканың азаматтық авиациясы үшін ұшқыштар мен елдің Қарулы күштерінің әуе қорғаныс күштері әскери институтына арнап әскер қатарына шақырылатын жасқа дейінгі азаматтарды алғашқы дайындықтан өткізумен айналысады.

Сонымен қатар , мекемеге пилоттарды алғашқы дайындықтан өткізуге қолайлы жағдай жасау міндеті жүктеледі.

Мекемеге мемлекеттік басқару міндеті ҚР көлік және коммуникация министрлігің азаматтық авиация комитетіне тапсырылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны