26.12.2012, 16:28 3233

ҚР премьер-министрі елдің ең үздік кәсіпорындарына "Парыз" сыйлығының алтын белгілерін тапсырды

ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мына номинациялар бойынша сыйлықтар: "Жылдың үздік әлеуметтік жобасы" - Шығыс Қазақстан облысының "Востоксельхозпродукт" ЖШС-не, "Үздік ұжымдық келісім-шарт" - Павлодар облысының "Аксу Фарм Центр" ЖШС-не, "Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша үздік жоба" - Астана қаласының "Лукойл Оверсиз Сервис Лтд."-не және "Экологияға қосқан үлесі үшін" - Қостанай облысының "ИЛИН" ЖШС-не тапсырылды.

Астана. 26-желтоқсан. Kazakhstan Today - Кеше жалпыхалықтық телекөпір барысында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Серік Ахметов бірқатар отандық кәсіпорындарға ҚР Президентінің Парыз" сыйлығының алтын белгілерін тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мына номинациялар бойынша сыйлықтар: "Жылдың үздік әлеуметтік жобасы" - Шығыс Қазақстан облысының "Востоксельхозпродукт" ЖШС-не, "Үздік ұжымдық келісім-шарт" - Павлодар облысының "Аксу Фарм Центр" ЖШС-не, "Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша үздік жоба" - Астана қаласының "Лукойл Оверсиз Сервис Лтд."-не және "Экологияға қосқан үлесі үшін" - Қостанай облысының "ИЛИН" ЖШС-не тапсырылды.

Бүгін Үдемелі индустриялдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2012 жылдың екінші жартысында пайдалануға берілген Индустрияландыру картасының инвестициялық жобаларының тұсаукесеріне арналған Жалпыұлттық телекөпір барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 10 жаңа кәсіпорынды іске қосады.

Индустрияландыру картасында барлығы 779 жоба бар. 2012 жылы Индустрияландыру картасы шеңберінде 162 жаңа өндіріс орны іске қосылды.

2010-2012 жылдар арасында 537 жоба іске қосылды, 277 жоба (немесе іске қосылғандардың 51,6%) - 50% және одан жоғары деңгейде жүктеме алған, ал 141- толық көлемде жұмыс істеп тұр. Бұдан басқа, 305 кәсіпорын түпкі өнімді өндірсе, 36 кәсіпорын 520 миллиард теңгенің өнімдерін экспортқа шығарды. Жаңа кәсіпорындар 1 триллион 400 миллион теңгенің өнімін өндірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны