22.11.2012, 16:02 3052

ҚР Премьер-Министрі полиэтилен құбырларын шығаратын "Шеврон МұнайГаз Инк" зауытында болып қайтты

Үкімет басшысы зауыттың өндірістік цехтарын аралап, шығарылып жатқан өнім түрлерін көрді. Зауыт жылына сумен жабдықтауға және кәріздік жүйелерге пайдаланылатын диаметрі 25 мм-ден 1200 мм-ге дейінгі 15 мың тоннадан астам полиэтилен құбырларын шығарады. Өнімдердің барлығы халықаралық сертификатқа ие және әлемдік стандарттарға сай келеді.

Атырау. 22-қараша. Kazakhstan Today - Атырау облысына жұмыс сапары аясында Серік Ахметов Индустрияландыру картасындағы жобалардың бірі - полиэтилен құбырларын шығаратын "Шеврон МұнайГаз Инк" зауытында болып, облыстағы ҮИИДМБ іске асырылу барысымен танысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Үкімет басшысы зауыттың өндірістік цехтарын аралап, шығарылып жатқан өнім түрлерін көрді. Зауыт жылына сумен жабдықтауға және кәріздік жүйелерге пайдаланылатын диаметрі 25 мм-ден 1200 мм-ге дейінгі 15 мың тоннадан астам полиэтилен құбырларын шығарады. Өнімдердің барлығы халықаралық сертификатқа ие және әлемдік стандарттарға сай келеді.

Премьер-Министрдің өңірдегі жұмыс сапарындағы тағы бір нысан мұнай саласына арналған химиялық реагенттер өндіретін "Рауан Налко" ЖШС болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны