01.02.2008, 17:37 11348

ҚР сәулетшілер одағының Алматыдағы ғимараты бұзылуы мүмкін

ҚР сәулетшілер одағының Алматыдағы ғимараты бұзылуы мүмкін

Алматы. 1ақпан. "Қазақстан Бүгін" - ҚР сәулетшілер одағының Алматыдағы ғимараты бұзылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Алматы сәулетшілер одағының төрағасы Сергей Мартемьянов құлағдар етті.

"Мен қазір бұрынғы сәулетшілер одағы мен дизайнерлер одағы деп аталатын ғимарат бойынша мәселе қозғап жатырмын. Ол ғимарат Қалдаяқов пен Қызыбек би көшесінің қиылысындағы 39 үйде орналасқан . Қазір біз өзіміздің қызметімізді жүргізіп отырған үлкен ғимаратымыздан айрылып қалуымыз мүмкін", - деді С. Мартемьянов.

Оның сөздеріне қарағанда, бұл ғимаратта сәулетшілер одағы 90 жылдардың басынан бері жұмыс істеуде. "Кезінде үкіметтің шешімі болған. Ол сәулетшілер мен дизайнерлер одағына беріліп, оны біз өзіміз қаржыландырып, бюджеттен ешқандай ақша бөлінбеді", - деді С. Мартемьянов.

Ол атап өткеніндей, "сәулетшілер одағына бұл ғимаратты жекешелендіріп алуына үнемі тосқауылдар қойылып отырды". С. Мартемьянов айтқанындай, мұндай жағдайдың нендей себептен туындағаны енді анықталып отыр." Бүгінгі күні бізге белгілі болғанындай, биылғы жылы бұл ғимарат қала әкімдігіне өтті. Енді жақын арада ғимарат бұзылатын болады деген ақпарат түсті ...".

Сәулетшілер Одағы төрағасы атап өткеніндей, олардың ұйымдары, "бұл аймақтың шығармашылық одақтардың көзі ретінде болуын қалаған ". Шығармашылық зиялылар өкілдерінің көптеген пікірлері бойынша, мұндай сұраныс болған және бар.

С. Мартемьяновтың сөздеріне сүйенсек, одақ өкілдерінің мәліметтері бойынша, "ескі ғимараттың орнына кеңсе ашылып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін, ғимарат бір инвестордың жеке меншігіне беріледі", -деп мәлімдеді С, Мартемьянов.

Шығармашылық одақ төрағасы хабарлағанындай, Алматы әкімдігі ғимаратқа қатысты ешқандай нақты ақпарат бермей, қашқақтап отыр. "Икімдік қызметкерлері арасындағы қатынастарымыз күрделі, олардан нақты бір құжат немесе түсінік алу мүмкіндігіне қол жеткізе алмай отырмыз ", - деп атап өтті ол.

С. Мартемьянов хабарлағанындай, И. Тасмагамбеттың атына әкімдікке жіберген хатында сәулетшілер одағы ғимарат тағдырына қатысты сауалдар жіберген болатын. Оған "Алматыжер" МКК былай деп жауап берген:" Алматы қаласының жер базасына сәйкес 10 қаңтар күнгі ақпарат бойынша көрсетілген жер учаскесін күштеп біреуге айыру немесе мемлекеттің мұқтажы үшін сатып алынбайды. Ақпарат берілген хат мерзіміне сәйкес келеді".

"Біздерге ресми түрде жауап бермегендіктен, енді шерімізді қоғамға жеткіземіз деген шешімге келдік", - деп атап өтті С. Мартемьянов. Сонымен бірге ол " бұл кварталда ғимаратты сақтап қалу үшін, нысанның арьергардтық бөлігіне құрылыс жасауға болады", деген одақ мүшелерінің ұсынысын қайталады."Мұндай жол тиімді болар еді. Біз сонда ғимараттың тарихи кейпін сақтап қалып, сонымен қатар инвесторға қаржы салуға мүмкіндік берер едік. Бұл әлемде пайдаланылатын жолдардың бірі, -деп атап өтті ол.

"Біз ұсынысты әкімдікке ресми түрде жібереміз, бірақ өзіміздің жағдайымыздың не болатынын білмейміз", - деді одақ төрағасы.

С. Мартемьянов сонымен қатар, сәулетшілер ғимараты бойынша шешімді айтып қана қоймай, жақын арада тұрған ғимараттар бойынша ұсыныстарын жеткізді.

"Біз барлық кварталды қайта жөндеп, ғимараттардың алдын, оның өзіндік стилі мен құрылысын сол күйінде сақтап, шағын реновация жүргізер едік. Сонда ғана құрылыстар сол күйінде сақталып, бизнесмендер өздерінің мүдделерін ескеріп, құрылысқа қатысар еді ", - деп қорытындылады ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны