28.05.2008, 17:52 2878

ҚР сенатының спикері денсаулық сақтау саласын реттейтін заңды жетілдіруді ұсынады

ҚР сенатының спикері денсаулық сақтау саласын реттейтін заңды жетілдіруді ұсынады

Астана. 28 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - ҚР парламенті сенатының спикері Қасымжомарт Тоқаев денсаулық сақтау саласын реттейтін заңды жетілдіруді ұсынады. Бүгін өткен "Денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру және халық денсаулығын қорғау шаралары туралы" парламент тыңдалымы барысында ол осындай пікір білдірді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Денсаулық сақтауды сапалы жетілдіру шараларының кешенін жүзеге асыру парапар нормативтік-құқықтық базаны құруды талап етеді. Жаңа ұрпақтың заңдарын қабылдау қажеттігі туындады. Оның ережелері тікелей әрекетке ие болуы шарт", - деді Қ. Тоқаев.

"Осы заңдардың нормалары мемлекеттік сатып алу болсын, ақылы қызмет көрсету болсын барынша ашықтық пен мемлекет тарапынан қажетті бақылауды қамтамасыз етуі және бәсекелік ортаны ынталандыруы аса маңызды", - деп есептейді ол.

"Жаңадан енгізілетін ережелер осы саладағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресудің тиімді шараларын да ескеруі маңыздылар қатарына жатады", - деп толықтырды сенат спикері.

Қ. Тоқаев парламент қарауында жатқан "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекс жобасы отандық денсаулық сақтау моделін айтарлықтай жетілдіруге мүмкіндік беретініне сенімді. "Құжат кешенді сипатта болуы керек. Өйткені ол медициналық мәселелерден басқа басқару, әкімшілік, қаржылық, және басқа да қатынастарды реттеуге бағытталған", - деп атап көрсетті ол.

Осыған байланысты, парламенттің жоғарғы палатасының спикерінің пайымдауынша, кодекске қатысты жұмыс барысында орталық және жергілікті атқару органдары мен медициналық ұйымдар арасындағы өкілеттілік пен жауапкершілікті бөлісуді қамтитын денсаулық сақтау жүйесін басқарудың оңтайлы кестесін заңдық тұрғыдан анықтау қажет. "Осы саладағы ұйымдастырушылық қайта құрулар қазір үкімет қарастырып жатқан әкімшілік реформа концепциясы ағынында жүргізілуі керек. Бұл ретте біз тек қана мемлекеттің қоғам алдындағы жауапкершілігі жайында ғана емес, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін күшейту жайында және ең бастысы - өз денсаулығының жағдайына азаматтардың өзінің жауапкершілігі жайында да сөз қозғауға тиіспіз", - деп есептейді Қ. Тоқаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны