15.02.2016, 13:02 3481

ҚР Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына арналған "Мәӊгілік ел" пойызы сапарға аттанды

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ жасақтаған пойызда 9 вагон бар. Ол 33 станциядағы тұрғындарға қызмет көрсетеді.

Астана. 15 ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін Астана станциясынан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына арналған "Мәӊгілік ел" арнайы пойызы сапарға аттанды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Пойыз құрамында Қазақстан халықтары Ассамблеясы, мемлекеттік органдар мен мекемелердіӊ өкілдері, әлеуметтік сала мамандары, дәрігерлер, заӊгерлер, әртістер мен спортшылар бар. Олардыӊ барлығы да: "Бір ел-бір тағдыр" жалпыхалықтық идеяға жұмылдырылған.

Акцияныӊ мақсаты -Қазақстанныӊ Тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктері туралы баяндау.

Біздіӊ дөӊгелекті шаӊырағымыз еліміздіӊ бүкіл өӊірлерін біріктіреді. Халықтар арасындағы татулықты қалыптастырады. Бұл арқылы Мемлекет басшысыныӊ бейбітшілік пен келісім саясаты аясына қоғамды топтасуға шақырады",- деп атап өтті "ҚТЖ" ҰК" АҚ вице-президенті Б. Камалиев.

Қазақстандықтарға ай бойы жергілікті тұрғындарға медициналық, құқықтық, қаржылық және бизнес қызмет түрлері көрсетіліп, Жолдау жолдары, "Мәӊгілік ел" жалпыұлттық стратегия мәні түсіндіріледі.

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ жасақтаған пойызда 9 вагон бар. Ол 33 станциядағы тұрғындарға қызмет көрсетеді.

Ирбір станцияда Қазақстанныӊ өнер шеберлерініӊ қатысуымен концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады.

Жергілікті кәсіпкерлер бизнес туралы ақпараттарға қанығады. Министрліктердіӊ мамандары құқықтық кеӊестер, дәрігерлер өз кәсібі бойынша көмек көрсетеді.

Пойыз құрамындағы білікті мамандар әлеуметтік топтардыӊ барлық деӊгейін қамтиды. Шалғайда тұратын Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне барынша құрмет жасалады.

Акция Алматы қаласында Наурыз мерекесі қарсаӊында наурыздыӊ 18-інде аяқталады.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны