04.02.2014, 19:19 23093

ҚР Тұңғыш Президентінің Музейінде суретші Жеңіс Кәкенұлына арналған көрме ашылады

"Сәйгүлік семантикасы - 4" атты жеке көрмесінде автор бірнеше жұмыстары қойылады. Жылқы жылында ашылатын көрмеге осы сериядағы 50 туынды қойылған.

Алматы. 4 ақпан. Kazakhstan today. 7 ақпанда ҚР Тұңғыш Президентінің Музейінде танымал суретші, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, публицист Жеңіс Какенұлының көрмесі ашылады.

"Сәйгүлік семантикасы - 4" атты жеке көрмесінде автор бірнеше жұмыстары қойылады. Жылқы жылында ашылатын көрмеге осы сериядағы 50 туынды қойылған.

Суретші Мәдениетті қолдау жылының эмблемасының авторы, президент стипендиясының лауреаты. Оның сүреттері Қазақстанмен қатар, Ресей, Молдова және Түркиядағы жеке коллекцияларда сақтаулы.

Ж. Кәкенұлы "Ақ зер" кітабының авторы. Бұл автордың қазақстандық және әлемдік сурет өнеріне арналған өнертанушылық мақалаларының жинағы.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында жалпы" қазақстандық мәдениеттің дамуына үлес қосу керектігін атап өтті. Сондай-ақ, мәдени саясаттың Тұжырымдамасывн дайындауды тапсырған болатын. Құжатта қазақстандықтардың мәдени деңгейдегі бәсекелестікке қабілеттілігі , мәдени кластерлердің заманауи дамуы қарастырылады".

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны