29.07.2008, 14:37 2382

ҚР Иділет министрлігі республикадағы барлық діни бірлестіктер мен сан жағынан аз діни топтарды зерттеу есебін қазанның басында үкіметке таныстырады - Балиева

ҚР Иділет министрлігі республикадағы барлық діни бірлестіктер мен сан жағынан аз діни топтарды зерттеу есебін қазанның басында үкіметке таныстырады - Балиева

Астана. 29 шілде. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Иділет министрлігі республикадағы барлық діни бірлестіктер мен сан жағынан аз діни топтарды зерттеу есебін қазанның басында үкіметке таныстырады. Бұл туралы еліміздің әділет министрі Зағипа Балиева бүгін өткен үкіметтің отырысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Діни бірлестіктердің іс-қызметін зерттеу мақсатында Иділет министрлігі заңды тұлға деген мәртебесі бар барлық діни бірлестіктер мен сан жағынан аз діни топтарды, барлық пірәдарлық ғимараттарды да тексеріп жатыр және оны 3 тоқсанның соңында аяқтайды. Қорытынды есеп үкіметке қазан айында таныстырылады", - деді З. Балиева.

"Бұл жұмысқа ғалым-теологтар да қатысуда", - деді ол.

Оның айтуынша, сонымен бірге, министрлік мемлекеттік тіркеуге берілетін құрылтай құжаттары мен діни мазмұндағы нысандарға тиісті органдардың сұрауына қарай сараптама жүргізу әдістемесі де ретке келтірілді. "Мемлекеттік органдардың діни бірлестіктермен жұмыс істеуіне қатысты әдістемелік нұсқаулар жасалуда", -деді министр.

"Республикада қазір 18 рухани оқу орны мен бір университет жұмыс істейді. Білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып біз олардың іс-қызметін тексере бастадық. Қазан айындағы есепке осы тексерелерге қатысты мәліметтерді де қамтитын боламыз", - деді З. Балиева.

"Шетелдік дін таратушылардың мәселесі өз алдына бір төбе. Бүгінде Қазақстан аумағында 362 дін таратушы жұмыс істейді, шетелдіктердің елде болу ережелерін бұзғаны және дін таратушылық қызметті тіркеусіз жүргізгені үшін құқық қорғау органдарымен бірлесіп, соттардың шешімімен республика аумағынан АҚШ, Грузия, Оңтүстік Корея мен Жапонияның көптеген азаматтары қудаланды", - деді ол.

Мәселен, министрдің айтуынша, сайентологиялық шіркеумен аффилиирлік байланыстағы "Нарконон" қорының жетекшілері Қазақстан аумағынан шығарылып, олардың елге келуіне бес жыл мерзімге дейін тыйым салынды. Таблиги Жамаатқа қарасты дін таратушы жеті топтың уағыз жұмыстарына тыйым салынып, оларды жақтаушы 22 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Дәстүрлі емес діни бірлестіктердің жетекшілері мен сиынушылары тарапынан "Діни сенім-наным еркіндігі мен діни бірлестіктер жөніндегі" заңнаманы бұзуға қатысты 27 дерек анықталды, радикалдық діни идеяларды және дәстүрлі емес діни бірлестіктерді насихаттайтын материалдар тәркіленді. Мұсылмандардың діни басқармасымен бірлесіп, дінге табынушылар арасында үгіт-насихат пен уағыз жүргізу жолымен жихадтық идеясына қарсы уағыз жүргізілуде", - деді З. Балиева.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны