23.12.2016, 20:27 5198

ҚР ҰҚК Шекара қызметініӊ академиясы құрылғанына биыл 85 жыл толып отыр

85 жылдық тарихы бар білім ордасыныӊ 45 түлегі Кеӊес Одағыныӊ батыры, оныӊ ішінде біреуі екі мәрте және бесеуі Ресей батыры атағына ие болды. Сондай-ақ аталмыш оқу ордасыныӊ 300-ден астам түлегі генерал атағына қол жеткізді.

Астана. 24 желтоқсан. Kazakhstan Today - ҚР ҰҚК Шекара қызметініӊ академиясы құрылғанына биыл 85 жыл толып отыр,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметініӊ академиясы шекарашы офицер кадрларын дайындайтын еліміздегі бірден-бір әрі Тәуелсіз мемлекеттер достастығы аумағындағы бай тарихы бар, бірегей оқу орны болып табылады. Өзініӊ даӊқты жолымен айшықталған әскери оқу орны алғашында Ф.Дзержинскийдіӊ атымен аталған Алматы шекара училищесі Кеӊес Одағы аумағына тіпті, одан тыс жерлерге де әйгілі болды. Бүгінде аталмыш оқу орны ҚР ҰҚК Шекара қызметініӊ академиясы деген атқа ие.

Шекара қызметініӊ академиясынан түлеп ұшқан түлектер оныӊ даӊқын асырып келеді. Олар Ұлы Отан соғысы кезінде, бейбіт күнде де ер жүрекпен Мемлекеттік шекара шебін күзете білді. 85 жылдық тарихы бар білім ордасыныӊ 45 түлегі Кеӊес Одағыныӊ батыры, оныӊ ішінде біреуі екі мәрте және бесеуі Ресей батыры атағына ие болды. Сондай-ақ аталмыш оқу ордасыныӊ 300-ден астам түлегі генерал атағына қол жеткізді.

Бүгінде аға буын ұрпақтыӊ даӊқты жауынгерлік дәстүрін жалғастырған ізбасарлары егеменді Қазақстанныӊ шекарасын сенімді күзетуде және Қазақстан Республикасы Шекара қызметініӊ әскери бірлестіктері мен бөлімдері, басқа да бөлімшелерінде біліктілікпен басшылық жасауда. Отан алдындағы айрықша қызметтері үшін көптеген шекарашы офицерлер мемлекеттік жоғары наградалармен марапатталған. Атап айтқанда, ІІ дәрежелі "Айбын" - 5 және ІІ дәрежелі "Даӊқ" ордендері - 1.

2016 жылдыӊ 26-шы желтоқсанында аталмыш оқу ордасына табаны күректей 85 жыл толады. Осыған орай ҚР ҰҚК Шекара қызметініӊ ұжымы әскери бөлім күнін салтанатты түрде атап өтпекші.

Шараға академияны әр жылдары басқарған ұлттық қауіпсіздік саласында ұзақ жылдар қызмет атқарған генералдар мен офицерлер, Алматы қаласыныӊ және Медеу ауданыныӊ әкімдері, "Нұр-Отан" партиясыныӊ өкілдері, оқу орны мен Шекара қызметініӊ ардагерлері және академияныӊ жеке құрамы қатысады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны