27.12.2016, 09:22 5065

ҚР ҰҚК Шекара қызметініӊ академиясыныӊ 85 жылдық мерейтойы атап өтілді

Жаӊа жыл қарсаӊында ҚР ҰҚК Шекара қызметініӊ академиясы өзініӊ 85 жылдық мерейтойын атап өтті,- деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Астана. 27 желтоқсан. Kazakhstan Today - Жаӊа жыл қарсаӊында ҚР ҰҚК Шекара қызметініӊ академиясы өзініӊ 85 жылдық мерейтойын атап өтті,- деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

85 жылдық тарихында академияныӊ тәрбиеленушілері өздерініӊ Отан шебін қорғауда жанқиярлық ерліктерін көрсетіп, академияныӊ атын шығара білді. Шекара сарбаздары табиғаттыӊ қатаӊдығына қарамастан, күн-түн қатып, бас айналдырар аптап ыстықта, желдіӊ өтінде, аязды күндердіӊ суығына тоӊып өздерініӊ әскери борыштарын абыроймен атқару үстінде.

Мерейтойға Шекара қызметініӊ басшылығы ғана емес, сонымен қатар шекара оқу орнын әр жылдары аяқтаған түлектер, оныӊ ішінде ТМД елдерінен келген ардагерлер, сонымен қатар қалалық және аудандық әкімдіктердіӊ өкілдері қатысты.

Мемлекеттік қауіпсіздік комитетініӊ Ф.Э.Дзержинский атындағы Октябрь орденді, қызыл тулы Шекара академиясы өзініӊ тарихын сонау өткен ғасырдыӊ отызыншы жылдарынан бастайды. Ирине, әр жылдары оқу орныныӊ аты өзгеріп отырды, бірақ, соған қарамастан оқу орны өзініӊ басты міндеті - ел шебіне, мемлекеттік шекараны көздіӊ қарашығындай күзете білетін лайықты, білікті мамандар даярлау ісімен тікелей айналысып, осы міндет үрдісінен шығып отырды.

"Шекарашы мамандарды даярлайтын оқу орныныӊ тарихына қарап отырсақ, оныӊ түлектерініӊ қашанда Отан шебін қорғауда жанқиярлық ерлік үлгісін көрсетіп, қойылған тапсырманы орындауға қашанда абыроймен орындайтындықтарына көз жеткізуге болады, - деп атап өтті өз сөзінде Шекара ведомствосыныӊ басшысы генерал-майор Дархан Ділманов, - шекарашыларымызды қашанда міндетке деген адалдық, жоғары кәсіби біліктілік пен дәстүрге деген тазалық секілді қасиетті істер алға шақырып тұрады. ҚР ҰҚК Шекара қызметініӊ академиясы Қазақстанныӊ тәуелсіздігі мен егемендігініӊ нығаюына өзініӊ лайықты үлесін қосуда".

Шекара академиясы - жоғары білікті офицерлерді дайындағаны үшін 1975 жылдыӊ 30 сәуірінде КСРО Жоғарғы кеӊесініӊ жарлығымен Қызыл ту ордені, 1981 жылдыӊ 26 желтоқсанында екінші рет Октябрь революциясы орденімен наградталды.

Шекара академиясыныӊ мақтаныштары жетерлік - Отан қорғау, ел шебін күзетудегі жанқиярлық ерліктері, батылдықтары мен батырлықтары үшін олардыӊ 45 түлегіне Кеӊестер одағыныӊ батыры атағы берілген, 5-не Ресей Федерациясыныӊ батыры атағы берілген, ал мыӊдаған түлектері әскери ордендер мен медальдарға ие болған.

Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдеріндегі 10 шекара ведомстволарыныӊ басшылары академия түлектері болып табылады, сондай-ақ, 10 түлек сол елдердегі шекарашы мамандар даярлайтын оқу орындарыныӊ басшылары екендігі мақтаныш. 300 түлек генерал шенін иеленді. Олардыӊ екеуі армия генералы атанды - Проничев Владимир Егорович және Губенко Валерий Александрович, бұған тағы 17 генерал-полковникті қосыӊыз.

Талантты педагогтар, білімді курсанттар, тыӊдаушылар олардыӊ оқудағы жетістіктері қашанда академияныӊ мақтанышы болып табылады. Қазақстандағы еӊ іргелі оқу орны 20 мыӊдай түлекті ұшырды, олардыӊ барлығы да мемлекеттік шекараны қорғауда өздерініӊ міндеттерін өтеді.

Бүгінгі таӊдағы академия дегеніміз - көп деӊгейлі, көпсалалы оқу орны болып табылады, көптеген мамандықтар бойынша мамандар даярлауға қол жеткізуде. Курсанттарға жоғары деӊгейде білім беру, оларды теориялық жағынан ғанаемес, сонымен қатар практикалық тұрғыдан да шыӊдай түсуге көбірек көӊіл бөлінуде.

Білім жолындағы тереӊ ізденістері арқылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетініӊ Шекара қызметініӊ академиясы алыс және жақын шетелдер арасында да өзініӊ беделін көтеріп, позициясын нығайтып алды. Академияныӊ көптеген түлектері Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінде әскери басқару жүйесінде маӊызды лауазымдарды иеленуде, осы арқылы достастықтыӊ сыртқы шекарасын сапалы қорғауға өздерініӊ үлестерін қосуда.

Бүгінгі таӊда шекара академиясында Тәжікстан, Ауғанстан, Қырғызстан секілді елдердіӊ өкілдері де келіп, білім алып, біліктіліктерін толықтыруда. Академияда материальдық база, далалық оқу орталығы, жоғары білікті профессорлық-оқутушылық құрам сапалы білім алуға жағдай жасауда. Бакалавриат, магистратура, докторантура жүйелері де жоғары білім алған азаматтардыӊ білім-ғылым жолына түсуіне, сапалы ғылыми еӊбек жазуына септігін тигізуде.

"Шекара академиясы фундаментальді, қолданбалы зерттеулер іске асырылатын күрделі де салмақты оқу орнына айналды. Инновациялы білім технологиясы, оқу бағдарламалары енгізілуде, Мемлекеттік шекараны сапалы күзету, қорғауды дамыта түсу үшін қызметті реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттар дайындадалды, -деп ерекше атап өтті Шекара қызметініӊ директоры, - стратегиялық тапсырмалардыӊ пәрменділігін ескере отырып, қазіргі уақытта академияда білім және зерттеулер бағдарламасы ұдайы түрде жетілдіруде, инновациялық бағыт-бағдарлар белгіленуде".

Табыс пен білімге жетудіӊ кепілі академия үшін қашанда білікті профессорлық-оқытушылық құрам болып табылады, олардыӊ үштен екісініӊ ғылыми атақтары мен шендері бар екендігін де мақтанышпен атап өткен дұрыс. Олардыӊ өмірлік тәжіриберлерін қазіргі жастарымыз да кеӊіне үйреніп, өздерініӊ күнделікті қызметтерінде қолдануда. Академияда 10 ғылым докторы, 6 PhD докторы, 40 ғылым кқандидаты, 19 доцент курсанттар мен тыӊдаушыларға білім нәрін егуде.

Шекара қызметініӊ академиясында тек қана шекарашы офицерлер ғана емес, сонымен қатар ҰҚК академиясына, Қорғаныс министрлігіне, Ұлттық гвардия сабына да мамандар даярланатындығын атап өткен орынды.

Қазақстан Республикасы Шекара қызметініӊ өсіп-өркендеуіне академияныӊ қосып отырған үлесі өте зор. Искери және педогогикалық ғылымдарды өзара үйлестіре білгендік, жоғары пәрменді инновациялық оқу тәсілдерін кеӊіне қолдану жоғары деӊгейдегі табыстарға қол жеткізуге септігін тигізуде.

Қазіргі заманғы оқу орны ретінде қалыптастыру бағытындағы жаӊашылдық, оқу технологияларын тез арада іске қосу бағытындағы тереӊ еӊбек пен ізденіс, білім, ғылым дегенде жалықпай еӊбек еткен академия ұжымыныӊ қажырлы еӊбегін Шекара қызметініӊ басшылары да жоғары бағалауда.

Мерейтой күні Достастық елдеріндегі әріптестерден келген құттықтаулар легінде шек болмады, кешегі курсанттардан келген ыстық тілектер де көп болды, олардыӊ бірқатары көпшілік алдында оқылды.

"85 жылдық мерейтой құтты болсын, - деді ҚР ҰҚК төрағасыныӊ орынбасары, - зиялы қауым өкілдері еӊбек ететін, тамыры теӊге тартатын тарихы бар оқу орныныӊ әлі де алар асуы, көтерілер биігі алда деп білемін, ұлттық қауіпсіздігімізді ойдағыдай қамтамасыз ете беруге үлес қосатындығына сенімдімін. Сіздерге мықты шекаралық денсаулық, көтеріӊкі көӊіл-күй, жаӊа шығармашылық табыстар және ғылыми ізденістер тілеймін!".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны