10.04.2007, 11:57 2645

ҚР Ұлттық риэлторлар қауымдастығы риэлторлық қызметті заңдастыру жөнінде бастама тастады

АЛМАТЫ. 10 сәуір. Kazakhstan Today. ҚР Ұлттық риэлторлар қауымдастығы (ҰРҚ) риэлторлық қызметті заңдастыру жөнінде бастама тастады. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігі хабарлайды.

Қауымдастық өкілдері тақырыптық ұсыныстарын ҚР парламент мәжілісінің депутаттарына ұсынған болатын",-деді ҰРҚ вице-президенті Олег Алферов.

О.Алферовтың айтуынша, заңды қабылдау жөніндегі ұсыныста риэлтортық қызмет жан-жақты қамтылған. Бұл негізінен риэлторлар мен олардың қызметтерін пайдаланатын тұтынушылардің құқын қорғауды көздейді.

"Риэлторлардың тұтынушылар құқын қорғауға қатысты міндеттер мен қызмет сапасына келсек, біз риэлтордың тұтынушының мүліктік жағдайын келісім жасаған кездегіден төмендететін әрекеттерге бармауын қарастыруды жөн деп танимыз",-деді ол.

Сонымен қатар заң риэлторларға сұранымды заңды түрде түрлі жаққа жіберуге мүмкіндік береді",-деді О.Алферов.

Өз кезегінде ҰРҚ вице-президенті Нина Лукьяненко "негізі риелтор деген мамандық жоқ. Сондықтан оны оқытатын да білім стандарты жоқ" деді. Оның ойынша, риэлторлар ұсынатын қызметтің сапасын көтеру үшін мүлікті сататын агенттерді оқыту қажет.

Н.Лукьяненконың атуынша, " риэлторларға арналған қатаң кәсіби шарттар белгілеу және оларға білім берудің ортақ жүйесін енгізген жөн. Мүлікпен айналысатын мамандарды дайындайтын бағдарлама жасап оны ҚР ортақ кәсіби қызметтер анықтамасына енгізу керек.

"Сондай-ақ заңды тұлғаларға да нақты талаптар белгілеген жөн",-деп санайды ол. "Заңды тұлғалар құрамында арнайы сертификатталған мамандар міндетті түрде болуы керек. Олар білімалып қана қоймай, іс жүзінде де дәлелдей алатын болмақ",-деді Н.Лукьяненко.

Алайда баспасөз мәжілісіне қатысқан мәжіліс депутаттары Алматы үшін лицензия алу ең тиімді болмақ деп санайды.

"Сертификациялаудың бұл ретте тиімді болатынына сенбеймін. Алайда бұл пікір өзгеруі де мүмкін",-деді В Доскалиев. "Мүмкін өзге елдердің тәжірибесі назарға алынар. Мысалы біздің республикадағы нотариаттық кеңселерді лицензиялау тәжірибесіне келсек",-деді ол.

Сертификаттау кең ауқымды қамтиды , ал Алматы сияқты аяда лицензиялау жеткілікті болмақ",-деп түсіндірді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны